"Көмек көрсетуге дайынбыз": Тоқаев араб елдерінің басшыларына қолдау білдірді

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана Акорда
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2026
Жазылу
Және бұл елдердің басшыларымен тұрақты қызметтік қарым-қатынас жалғасатынына үміттенетінін жеткізді
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Қатар, Бахрейн және Кувейт мемлекеттерінің басшыларына осынау қиын-қыстау кезеңде шынайы қолдауы мен тілектестігін білдіріп, хат жолдады. Бұл туралы президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
Мемлекет басшысы достас әрі бауырлас елдердің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлық әскери әрекетті батыл айыптайды.
"Қазақстан халықаралық күрделі проблемалар мен қарулы қақтығыстардың бәрін тек дипломатиялық жолмен шешуді ұдайы жақтайды", – делінген хатта.
Тоқаев Қазақстан бауырлас араб мемлекеттеріне мүмкіндігінше көмек көрсетуге дайын екенін айтып, аталған елдердің басшыларымен тұрақты қызметтік қарым-қатынас жалғасатынына үміттенетінін жеткізді.
Сенбі күні АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив өзінің мақсаты Тегеранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу екенін мәлімдеді. Ақ үй басшысы Дональд Трамп өз кезегінде америкалықтарды қорғауға және Иран Ислам Республикасында билікті өзгертуге ниетті екенін мәлімдеді.
Тегеран бұл елдерді негізсіз агрессия жасады деп айыптады. Мемлекеттік БАҚ азаматтық нысандарға зымыран соққылары жасалғанын хабарлады. Иран өз кезегінде Израильге, сондай-ақ Бахрейн, Катар, БАӘ, Кувейт, Сауд Арабиясы және Иорданиядағы АҚШ-тың әскери базаларына соққы жасады.
Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2026
Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапты
Жаңалықтар
0