https://sputnik.kz/20260301/tayau-shygysta-qazaqstan-azamattary-zardap-shekkeni-turaly-aqparat-zhoq--sim-61528854.html
Таяу Шығыста Қазақстан азаматтары зардап шеккені туралы ақпарат жоқ – СІМ
Таяу Шығыста Қазақстан азаматтары зардап шеккені туралы ақпарат жоқ – СІМ
Sputnik Қазақстан
Дипломаттар туристік компаниялармен бірлесе отырып, әуежайлар мен транзиттік аймақтарда жүрген азаматтарға көмек көрсетіп жатыр 01.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-01T18:33+0500
2026-03-01T18:33+0500
2026-03-01T18:33+0500
ақш пен иран қақтығысы
иран
қазақстан
https://sputnik.kz/img/237/25/2372574_0:188:5905:3509_1920x0_80_0_0_cc2c49ebb4ecbd11685b997559f08f80.jpg
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыста ел азаматтарының зардап шеккені туралы ақпарат түспегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Жаңа мәлімет шыққан кезде оны жедел жариялаймыз", - деп жазылған хабарламада.Ведомствоның мәліметінше Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік органдармен және шетелдік билікпен тәулік бойы бірлесіп жұмыс істеп жатыр.Сыртқы істер министрлігінде және шетелдегі елшіліктерде шұғыл байланыс желілері жұмыс істеп тұр. Қақтығыс аймағында жүрген азаматтардың нақты саны анықталып жатыр, бірақ транзиттік аймақтардағы адамдардың нақты санын айту қиын.Дипломаттар туристік компаниялармен бірлесе отырып, әуежайлар мен транзиттік аймақтарда жүрген азаматтарға көмек көрсетіп жатыр.Қазақстан азаматтарын қақтығыс аймағынан қауіпсіз түрде шығару бойынша жоспарлар пысықталуда. Қосымша ақпарат министрліктің ресми сайтында және Kaspi Travel қосымшасы арқылы жарияланады.
https://sputnik.kz/20260301/toqaev-tayau-shygystagy-akhualdy-zhiti-qadagalap-otyr-61526475.html
иран
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/237/25/2372574_488:0:5415:3695_1920x0_80_0_0_bd82d3a49fb3f86c4230666da7e59260.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш пен иран қақтығысы, иран, қазақстан
ақш пен иран қақтығысы, иран, қазақстан
Таяу Шығыста Қазақстан азаматтары зардап шеккені туралы ақпарат жоқ – СІМ
Дипломаттар туристік компаниялармен бірлесе отырып, әуежайлар мен транзиттік аймақтарда жүрген азаматтарға көмек көрсетіп жатыр
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыста ел азаматтарының зардап шеккені туралы ақпарат түспегенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
"Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Жаңа мәлімет шыққан кезде оны жедел жариялаймыз", - деп жазылған хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік органдармен және шетелдік билікпен тәулік бойы бірлесіп жұмыс істеп жатыр.
"Қазақстанның шетелдегі елшіліктері күшейтілген режимге көшіп, отандастарымызға консулдық және құқықтық көмек көрсетуде. Өңір елдері мен транзиттік аймақтарда жүрген азаматтардың тізімдері жаңартылып жатыр. Мессенджерлерде арнайы чаттар ашылып, сұрақтарға жауап беріліп, елдегі жағдай туралы ақпарат пен ұсыныстар жеткізілуде", - дейді министрлік.
Сыртқы істер министрлігінде және шетелдегі елшіліктерде шұғыл байланыс желілері жұмыс істеп тұр. Қақтығыс аймағында жүрген азаматтардың нақты саны анықталып жатыр, бірақ транзиттік аймақтардағы адамдардың нақты санын айту қиын.
Дипломаттар туристік компаниялармен бірлесе отырып, әуежайлар мен транзиттік аймақтарда жүрген азаматтарға көмек көрсетіп жатыр.
Қазақстан азаматтарын қақтығыс аймағынан қауіпсіз түрде шығару бойынша жоспарлар пысықталуда. Қосымша ақпарат министрліктің ресми сайтында және Kaspi Travel қосымшасы арқылы жарияланады.