Иран Бас штаб бастығы мен қорғаныс министрінің қаза тапқанын растады

© AP Photo Дым поднимается над горизонтом после взрыва в Тегеране, Иран
Дым поднимается над горизонтом после взрыва в Тегеране, Иран - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2026
Жазылу
Бұған дейін Иран билігі аятолла Әли Хаменеидің қаза болғанын растаған еді
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Иран Қарулы күштер бас штабының бастығы Абдулрахим Мусави мен қорғаныс министрі Әзиз Насирзаденің қаза тапқанын растады. Бұл туралы IRNA мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады.
Бұған дейін Иранның Жоғарғы көшбасысы аятолла Әли Хаменеи, қорғаныс кеңесінің хатшысы Әли Шамхани және Ислам револциясы сақшылары корпусының қолбасшысы Мохаммад Пакпурдың қаза тапқаны хабарланған болатын. Иранда 40 күн аза тұту жарияланды.
Иранның Жоғарғы көшбасшысын сайлау үшін сарапшылар кеңесі жексенбі, наурыздың бірі жиналады, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы. Қазір оның міндеттерін президент, сот билігінің басшысы және Иран конституциясы сақшылар кеңесі мүшелерінің бірі атқарып жатыр.
Еске салсақ, сенбі күні АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранға бірнеше соққы жасады, салдарынан бейбіт тұрғындар да қаза тапты. Иран Израиль аумағына, сондай-ақ АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери нысандарына жауап ретінде зымыранмен соққы жасады.
На месте удара по школе на юге Ирана - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2026
Иранда қыздар оқитын мектепке жасалған соққыдан қаза тапқандар саны 148-ге жетті
Жаңалықтар
0