https://sputnik.kz/20260301/iranda-qyzdar-oqityn-mektepke-zhasalgan-soqqydan-qaza-tapqandar-sany-148-ge-zhetti-61523393.html
Иранда қыздар оқитын мектепке жасалған соққыдан қаза тапқандар саны 148-ге жетті
Иранда қыздар оқитын мектепке жасалған соққыдан қаза тапқандар саны 148-ге жетті
Sputnik Қазақстан
95 адам зардап шекті 01.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-01T10:52+0500
2026-03-01T10:52+0500
2026-03-01T11:00+0500
иран
https://sputnik.kz/img/07ea/02/1c/61518648_5:0:1280:717_1920x0_80_0_0_8f04df332e6c6f77b94c923770f0a06d.jpg
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Иранның оңтүстігіндегі қыздар оқитын "Шаджаре Тайебе" мектебіне жасалған соққы салдарынан қаза тапқандар саны 148-ге, зардап шеккендер саны 95-ке жетті, деп хабарлады Mizan агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап.Бұған дейін Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі елдің оңтүстігіндегі мектепке жасалған шабуылдан 160-қа жуық адам қаза болуы мүмкін екенін айтқан болатын. Ал Иранның Ламерд қаласындағы спорт залға жасалған соққыдан 20-ға жуық волейболшы қыз қаза тапты, деп хабарлайды Иранның SNN телеарнасы. Ламерд орналасқан Фарс провинциясына төрт зымыран құлап, жүздеген адамның зардап шеккені туралы хабарланды.Сенбі күні АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив өзінің мақсаты Тегеранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу екенін мәлімдеді. Ақ үй басшысы Дональд Трамп өз кезегінде америкалықтарды қорғауға және Иран Ислам Республикасында билікті өзгертуге ниетті екенін мәлімдеді.Тегеран бұл елдерді негізсіз агрессия жасады деп айыптады. Мемлекеттік БАҚ азаматтық нысандарға зымыран соққылары жасалғанын хабарлады. Иран өз кезегінде Израильге, сондай-ақ Бахрейн, Катар, БАӘ, Кувейт, Сауд Арабиясы және Иорданиядағы АҚШ-тың әскери базаларына соққы жасады.
https://sputnik.kz/20260301/irannyn-zhogargy-koshbasshysy-ali-khamenei-qaza-tapty-61521375.html
иран
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/1c/61518648_222:0:1178:717_1920x0_80_0_0_9c7690daeee78ffd9282a8ce087f7014.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
иран
Иранда қыздар оқитын мектепке жасалған соққыдан қаза тапқандар саны 148-ге жетті
10:52 01.03.2026 (жаңартылды: 11:00 01.03.2026) 95 адам зардап шекті
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Иранның оңтүстігіндегі қыздар оқитын "Шаджаре Тайебе" мектебіне жасалған соққы салдарынан қаза тапқандар саны 148-ге, зардап шеккендер саны 95-ке жетті, деп хабарлады Mizan агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап.
Бұған дейін Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі елдің оңтүстігіндегі мектепке жасалған шабуылдан 160-қа жуық адам қаза болуы мүмкін екенін айтқан болатын.
Ал Иранның Ламерд қаласындағы спорт залға жасалған соққыдан 20-ға жуық волейболшы қыз қаза тапты, деп хабарлайды Иранның SNN телеарнасы. Ламерд орналасқан Фарс провинциясына төрт зымыран құлап, жүздеген адамның зардап шеккені туралы хабарланды.
Сенбі күні АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив өзінің мақсаты Тегеранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу екенін мәлімдеді. Ақ үй басшысы Дональд Трамп өз кезегінде америкалықтарды қорғауға және Иран Ислам Республикасында билікті өзгертуге ниетті екенін мәлімдеді.
Тегеран бұл елдерді негізсіз агрессия жасады деп айыптады. Мемлекеттік БАҚ азаматтық нысандарға зымыран соққылары жасалғанын хабарлады. Иран өз кезегінде Израильге, сондай-ақ Бахрейн, Катар, БАӘ, Кувейт, Сауд Арабиясы және Иорданиядағы АҚШ-тың әскери базаларына соққы жасады.