https://sputnik.kz/20260227/qazaqstan-men-serbiya-prezidentteri-shagyn-quramda-kelissoz-otkizdi-61486014.html
Қазақстан Сербияны Еуропадағы маңызды стратегиялық серіктесі санайды – Тоқаев
Қазақстан Сербияны Еуропадағы маңызды стратегиялық серіктесі санайды – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Александр Вучич Қасым-Жомарт Тоқаевты Сербияға сапармен келуге шақырды 27.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-27T12:48+0500
2026-02-27T12:48+0500
2026-02-27T13:04+0500
саясат
астана
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07ea/02/1b/61486114_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_1f29683eba54f6a650aec43727ca0682.jpg
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстан мен Сербия президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Сербияны Еуропадағы маңызды стратегиялық серіктесі санайтынын, бірқатар бағытта, әсіресе, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты нығайту үшін көп жұмыс атқарылғанын атап өтті.Александр Вучич қонақжайлық танытқаны үшін қазақстандық әріптесіне ризашылығын білдірді."Сіздің пікіріңізбен толық келісемін, елдеріміз арасында шынайы стратегиялық қарым-қатынас орнаған. Сіздің қолдауыңыздың арқасында сауда-экономикалық байланыстарымыз жоғары қарқынмен дамып келеді. Алдағы уақытта жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар мен энергетика салаларында ықпалдастық орнату арқылы достығымыз жаңа деңгейге көтеріледі деп ойлаймын. Сізді жақын арада елімізде қарсы алуға дайынбыз", - деді Сербия президенті.
https://sputnik.kz/20260226/serbiya-prezidenti-astanaga-resmi-saparmen-keldi-61463321.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/1b/61486114_73:0:1208:851_1920x0_80_0_0_3626f26763bb37bf8cc25fd6cee1dc3e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, қасым-жомарт тоқаев
астана, қасым-жомарт тоқаев
Қазақстан Сербияны Еуропадағы маңызды стратегиялық серіктесі санайды – Тоқаев
12:48 27.02.2026 (жаңартылды: 13:04 27.02.2026) Александр Вучич Қасым-Жомарт Тоқаевты Сербияға сапармен келуге шақырды
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстан мен Сербия президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Сербияны Еуропадағы маңызды стратегиялық серіктесі санайтынын, бірқатар бағытта, әсіресе, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты нығайту үшін көп жұмыс атқарылғанын атап өтті.
"Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейсі ашылды. Сауда қатынастарымыз табысты дамып келеді. Қазақстанда 60-тан аса сербиялық компания жемісті еңбек етіп жатыр. Негізгі халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарымыз ортақ. Сондықтан екі ел арасындағы ынтымақтастықтың берік әрі тиімді іргетасы қаланды деп ойлаймын. Сіздің сапарыңыз достық қарым-қатынасымызға тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды екеніне сенімдімін", - деді мемлекет басшысы.
Александр Вучич қонақжайлық танытқаны үшін қазақстандық әріптесіне ризашылығын білдірді.
"Сіздің пікіріңізбен толық келісемін, елдеріміз арасында шынайы стратегиялық қарым-қатынас орнаған. Сіздің қолдауыңыздың арқасында сауда-экономикалық байланыстарымыз жоғары қарқынмен дамып келеді. Алдағы уақытта жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар мен энергетика салаларында ықпалдастық орнату арқылы достығымыз жаңа деңгейге көтеріледі деп ойлаймын. Сізді жақын арада елімізде қарсы алуға дайынбыз", - деді Сербия президенті.