Сербия президенті Астанаға ресми сапармен келді

© Пресс-служба правительства КазахстанаСербия президенті Астанаға ресми сапармен келді
Сербия президенті Астанаға ресми сапармен келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2026
Жазылу
Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы 7,6%-ға өсіп, 107 млн доллардан асты
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Сербия президенті Александр Вучич Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келді.
Сербия президентін әуежайдан премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
"Александр Вучичтің Қазақстанға ресми сапары аясында саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарланып отыр", - деп хабарлады үкімет.
Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі жақын және сенімді серіктесі. Дипломатиялық қатынастардың 30 жылында екі ел арасында құрметке, сенімге және өзара тиімді серіктестікке негізделген достық байланыстар орнады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы 7,6%-ға өсіп, 107 млн доллардан асты.
Резиденция президента Казахстана Акорда (слева) и здание правительства РК (справа) - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2026
Сербия президенті Астанаға ресми сапармен келеді
Жаңалықтар
0