https://sputnik.kz/20260227/aqtobe-oblysynda-gaz-khimiya-keshenine-1-mlrd-dollardan-astam-investitsiya-salynady-61475526.html
Ақтөбе облысында газ-химия кешеніне 1 млрд доллардан астам инвестиция салынады
Ақтөбе облысында газ-химия кешеніне 1 млрд доллардан астам инвестиция салынады
Sputnik Қазақстан
Кешен жылына 880 мың тоннаға дейін карбамид және 80 мың тоннаға дейін метанол өндіреді 27.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-27T21:56+0500
2026-02-27T21:56+0500
2026-02-27T21:56+0500
ақтөбе облысы
https://sputnik.kz/img/07ea/02/1b/61475151_0:88:1280:809_1920x0_80_0_0_d1673929e771f5df6813699aeac24201.jpg
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов CNODC компаниясының (CNPC еншілес ұйымы) президенті Чэн Хуайлунмен кездесті.Кездесуде Ақтөбе облысында газ-химия кешенін салу жобасы сөз болды. Кешен жылына 880 мың тоннаға дейін карбамид және 80 мың тоннаға дейін метанол өндіреді.Тараптар бірлескен кәсіпорын құру бойынша қажетті рәсімдерді аяқтау кезеңінде. Осыдан кейін жобалық-сметалық құжаттаманы (FEED) әзірлеуге кіріседі. Бұған дейін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалған болатын.Сондай-ақ кездесуде бірлескен стратегиялық жобаларды іске асыру барысы қаралды. Атап айтқанда, тараптар Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін арттыру мәселесін талқылады. Бұған дейін хабарланғандай, бұл инвестициялық жобаның қазақстандық нарықта мұнай өнімдеріне өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуде маңызы зор.Бүгінде техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жұмыстары басталды. ҚМГ басшысы жобаны іске асырудың белгіленген мерзімдерін қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.
https://sputnik.kz/20260225/ukimette-30-mlrd-dollar-investitsiya-tartuga-mumkindik-beretin-zhoba-qaraldy-61436172.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/1b/61475151_110:0:1189:809_1920x0_80_0_0_a809b51db61959ab20502f76e9f3232e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында газ-химия кешеніне 1 млрд доллардан астам инвестиция салынады
Кешен жылына 880 мың тоннаға дейін карбамид және 80 мың тоннаға дейін метанол өндіреді
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов CNODC компаниясының (CNPC еншілес ұйымы) президенті Чэн Хуайлунмен кездесті.
Кездесуде Ақтөбе облысында газ-химия кешенін салу жобасы сөз болды. Кешен жылына 880 мың тоннаға дейін карбамид және 80 мың тоннаға дейін метанол өндіреді.
"Карбамид жобасы агроөнеркәсіп кешенінің дамуына серпін беріп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайта түседі. Инвестицияның жалпы көлемі $1,25 млрд деңгейінде бағаланып отыр", - деп жазылған "ҚазМұнайГаздың" хабарламасында.
Тараптар бірлескен кәсіпорын құру бойынша қажетті рәсімдерді аяқтау кезеңінде. Осыдан кейін жобалық-сметалық құжаттаманы (FEED) әзірлеуге кіріседі. Бұған дейін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалған болатын.
Сондай-ақ кездесуде бірлескен стратегиялық жобаларды іске асыру барысы қаралды. Атап айтқанда, тараптар Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін арттыру мәселесін талқылады. Бұған дейін хабарланғандай, бұл инвестициялық жобаның қазақстандық нарықта мұнай өнімдеріне өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуде маңызы зор.
Бүгінде техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жұмыстары басталды. ҚМГ басшысы жобаны іске асырудың белгіленген мерзімдерін қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.