https://sputnik.kz/20260225/ukimette-30-mlrd-dollar-investitsiya-tartuga-mumkindik-beretin-zhoba-qaraldy-61436172.html
Үкіметте 30 млрд доллар инвестиция тартуға мүмкіндік беретін жоба қаралды
Үкіметте 30 млрд доллар инвестиция тартуға мүмкіндік беретін жоба қаралды
Sputnik Қазақстан
Деректерді өңдеу орталықтары алқабы жобасы 500-ден астам жоғары білікті жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді 25.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-25T13:11+0500
2026-02-25T13:11+0500
2026-02-25T13:12+0500
үкімет
инвестиция
жасанды интеллект
https://sputnik.kz/img/939/54/9395457_0:0:1620:911_1920x0_80_0_0_37ac53acbfa6bad11a5537bc463832e6.jpg
АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов "Деректерді өңдеу орталықтары алқабы" жобасының орындалуы бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды үкімет.Бұл жоба биыл қаңтарда Павлодар облысы Екібастұз қаласында іске қосылған болатын. Жобаға жалпы ауданы 1,4 мың гектар жер телімі бөлінді.Телекоммуникациялық инфрақұрылым саласындағы ең ірі hyperscale және BigTech компанияларының талаптарын қанағаттандыру үшін желілік кідіріс 80-нен 57 миллисекундқа дейін төмендетіледі, бұл – негізгі еуропалық трафик алмасу орталықтарымен тең деңгей.Бұдан әрі есептеу инфрақұрылымын кезең-кезеңмен ұлғайту, әрқайсысы 50 МВт-тан ЖИ-ДӨО-ның төрт кезеңін салу көзделген.Жиын қорытындысы бойынша премьер-министр Олжас Бектенов салалық министрліктер мен жауапты ұйымдарға жұмыстың барлық кезеңін уақтылы жүзеге асырып, қажетті нормативтік шешімдерді қабылдауды жеделдетуді тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/939/54/9395457_180:0:1620:1080_1920x0_80_0_0_a3d707419eeaffa4456b01f087da19aa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, инвестиция, жасанды интеллект
үкімет, инвестиция, жасанды интеллект
Үкіметте 30 млрд доллар инвестиция тартуға мүмкіндік беретін жоба қаралды
13:11 25.02.2026 (жаңартылды: 13:12 25.02.2026) Деректерді өңдеу орталықтары алқабы жобасы 500-ден астам жоғары білікті жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді
АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов "Деректерді өңдеу орталықтары алқабы" жобасының орындалуы бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды үкімет.
Бұл жоба биыл қаңтарда Павлодар облысы Екібастұз қаласында іске қосылған болатын. Жобаға жалпы ауданы 1,4 мың гектар жер телімі бөлінді.
"Құрылатын инфрақұрылымның маңызды элементі халықаралық серіктестерді тартуға арналған Greenfield аймағы болмақ. Сондай-ақ одан әрі кеңейте түсу мүмкіндігі бар 100 МВт-ға дейінгі қуаттар дайындалады. Инфрақұрылым энергия тиімділігі коэффициенті PUE 1.25 болатын Tier III халықаралық стандартына сәйкес келмек", - деп жазылған хабарламада.
Телекоммуникациялық инфрақұрылым саласындағы ең ірі hyperscale және BigTech компанияларының талаптарын қанағаттандыру үшін желілік кідіріс 80-нен 57 миллисекундқа дейін төмендетіледі, бұл – негізгі еуропалық трафик алмасу орталықтарымен тең деңгей.
Бұдан әрі есептеу инфрақұрылымын кезең-кезеңмен ұлғайту, әрқайсысы 50 МВт-тан ЖИ-ДӨО-ның төрт кезеңін салу көзделген.
"Тұтастай алғанда, "ДӨО алқабын" іске қосу Қазақстанда цифрлық инфрақұрылым мен есептеу қуаттылығының өңірлік орталығын қалыптастыруға, $30 млрд-қа дейін инвестиция тартуға және 500-ден астам жоғары білікті жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді", - дейді үкімет.
Жиын қорытындысы бойынша премьер-министр Олжас Бектенов салалық министрліктер мен жауапты ұйымдарға жұмыстың барлық кезеңін уақтылы жүзеге асырып, қажетті нормативтік шешімдерді қабылдауды жеделдетуді тапсырды.