https://sputnik.kz/20260226/soltustik-qazaqstan-turgyny-alayaqqa-185-mln-tenge-bergen-61466850.html
Солтүстік Қазақстан тұрғыны алаяққа 18,5 млн теңге берген
Солтүстік Қазақстан тұрғыны алаяққа 18,5 млн теңге берген
Sputnik Қазақстан
Telegram мессенджері арқылы оған "аналитик" хабарласып, валюта саудасына арналған арнайы қосымшаны жүктеуге көндірген 26.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-26T19:17+0500
2026-02-26T19:17+0500
2026-02-26T19:48+0500
солтүстік қазақстан облысы
полиция
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/933/63/9336345_0:372:2881:1993_1920x0_80_0_0_2473bbc4a36ec4034cad0fe71d20a1b2.jpg
АСТАНА, 26 ақпан - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғыны 18,5 млн теңгесін алаяққа аударған, деп хабарлайды Polisia.kz.45 жастағы әйел өткен жылдың желтоқсан айының соңында Instagram* желісінен банктердің бірінің "тегін акциялар" арқылы табыс табу туралы жарнамасын көрген.Әйел бастапқыда 25 мың теңге салған. Көп ұзамай оған "алғашқы дивиденд" ретінде 11 мың теңге қайтарылған."Болашақтағы жоғары табысқа сенген жәбірленуші eGov порталындағы несие рәсімдеуге қойылған тыйымды алып тастап, банктерден қарыз алған. Сондай-ақ туыстары мен таныстарынан ақша қарызға алған. Екі ай ішінде ол алаяқтарға жалпы сомасы 18,6 миллион теңге аударған", - дейді полицияда.Тек ақпан айында жәбірленуші алданғанын түсініп, полицияға жүгінген. Жедел іс-шаралар барысында полицейлер Қостанай қаласының 25 жастағы тұрғынын анықтады. Ол жәбірленушілердің қаражатын криптовалютаға айырбастап, алаяқтық схеманы ұйымдастырушыларға жіберді деген күдікке ілінген.Қазіргі уақытта Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөлімі қызметкерлері материалдарды процестік шешім қабылдау үшін аумақтық тиесілігі бойынша Қостанай қаласындағы әріптестеріне жолдауға дайындап жатыр.Жыл басынан бері СҚО-да интернет-алаяқтықтың 200-ден астам дерегі тіркелді, оның 24-і "инвестиция" схемасына қатысты. Мұндай алаяқтық түрі әдетте ең ірі материалдық шығындарға әкеледі. Полицейлер интернеттегі "жеңіл табыс" туралы уәделерге сенбеуді ескертті.*Мета (Facebook және Instagram) қызметіне Ресейде экстремистік деп тыйым салынған.
https://sputnik.kz/20260128/aqtobede-ayel-alayaqtarga-20-mln-tenge-zhibergen-60746333.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/933/63/9336345_150:0:2881:2048_1920x0_80_0_0_7f2adeef1c8eeec422f86df8573e1261.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, полиция, алаяқтық
солтүстік қазақстан облысы, полиция, алаяқтық
Солтүстік Қазақстан тұрғыны алаяққа 18,5 млн теңге берген
19:17 26.02.2026 (жаңартылды: 19:48 26.02.2026) Telegram мессенджері арқылы оған "аналитик" хабарласып, валюта саудасына арналған арнайы қосымшаны жүктеуге көндірген
АСТАНА, 26 ақпан - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғыны 18,5 млн теңгесін алаяққа аударған, деп хабарлайды Polisia.kz.
45 жастағы әйел өткен жылдың желтоқсан айының соңында Instagram* желісінен банктердің бірінің "тегін акциялар" арқылы табыс табу туралы жарнамасын көрген.
"Әйел сілтеме арқылы өтіп, байланыс нөмірін қалдырған. Telegram мессенджері арқылы оған "аналитик" хабарласып, валюта саудасына арналған арнайы қосымшаны жүктеуге көндірген. Алайда бұл қосымша жалған болып шыққан. Онда көрсетілген мәліметтер шынайы саудамен еш байланысы болмаған", - дейді полицияда.
Әйел бастапқыда 25 мың теңге салған. Көп ұзамай оған "алғашқы дивиденд" ретінде 11 мың теңге қайтарылған.
"Болашақтағы жоғары табысқа сенген жәбірленуші eGov порталындағы несие рәсімдеуге қойылған тыйымды алып тастап, банктерден қарыз алған. Сондай-ақ туыстары мен таныстарынан ақша қарызға алған. Екі ай ішінде ол алаяқтарға жалпы сомасы 18,6 миллион теңге аударған", - дейді полицияда.
Тек ақпан айында жәбірленуші алданғанын түсініп, полицияға жүгінген. Жедел іс-шаралар барысында полицейлер Қостанай қаласының 25 жастағы тұрғынын анықтады. Ол жәбірленушілердің қаражатын криптовалютаға айырбастап, алаяқтық схеманы ұйымдастырушыларға жіберді деген күдікке ілінген.
"Жас жігіт бұл әрекетті қосымша "жеңіл табыс" ретінде қарастырғанын айтқан. Полицейлер дропперлік қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін түсіндіргеннен кейін, күдікті келтірілген шығынды өтеу үшін қаражат тапқан. Оның анасы жәбірленушіге барлық соманы жеке өзі жеткізіп берген", - дейді полицейлер.
Қазіргі уақытта Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөлімі қызметкерлері материалдарды процестік шешім қабылдау үшін аумақтық тиесілігі бойынша Қостанай қаласындағы әріптестеріне жолдауға дайындап жатыр.
Жыл басынан бері СҚО-да интернет-алаяқтықтың 200-ден астам дерегі тіркелді, оның 24-і "инвестиция" схемасына қатысты. Мұндай алаяқтық түрі әдетте ең ірі материалдық шығындарға әкеледі. Полицейлер интернеттегі "жеңіл табыс" туралы уәделерге сенбеуді ескертті.
*Мета (Facebook және Instagram) қызметіне Ресейде экстремистік деп тыйым салынған.