https://sputnik.kz/20260128/aqtobede-ayel-alayaqtarga-20-mln-tenge-zhibergen-60746333.html
Ақтөбеде әйел алаяқтарға 20 млн теңге жіберген
Ақтөбеде әйел алаяқтарға 20 млн теңге жіберген
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе қаласында 47 жастағы әйел 20 млн теңгені кредитке алып, алаяқтарға жібере салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 28.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-28T18:05+0500
2026-01-28T18:05+0500
2026-01-28T18:06+0500
ақтөбе
алаяқтық
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1c/55984454_16:0:1152:639_1920x0_80_0_0_009d26222d2ab72d8ce6a9cd4bd6add3.jpg
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе қаласында 47 жастағы әйел 20 млн теңгені кредитке алып, алаяқтарға жібере салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Облыстық полиция депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, WhatsApp арқылы қоңырау шалған белгісіз адам өзін газ қызметкері ретінде таныстырған.Одан кейін есептегішті тексереміз деп, әйелдің ұялы телефонына келген SMS-кодты сұраған. Оны алғаннан кейін тұтқаны қоя салған. Артынан өздерін ұлттық банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ретінде таныстырған белгісіз біреулер хабарласып, SMS-кодты алған алаяқтардан ақшаны сақтау керек деп байбалам салды. "Айна кредит" рәсімдеуге де көндірген.Айта кетері, бұл – кеңінен тараған алаяқтық схема. Ондайда ұрланған ақша шетелге кетіп қалса, қылмыстық істі тергеу шаралары ұзаққа созылады.
https://sputnik.kz/20260128/petropavl-turgyny-bir-bolmeli-uyin-satyp-15-mln-tengeni-alayaqtarga-audaryp-zhibergen-60727607.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1c/55984454_147:0:999:639_1920x0_80_0_0_cd3b0cbf0c4a1a10f3e446f4b3d4a556.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, алаяқтық, қылмыс
Ақтөбеде әйел алаяқтарға 20 млн теңге жіберген
18:05 28.01.2026 (жаңартылды: 18:06 28.01.2026) АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе қаласында 47 жастағы әйел 20 млн теңгені кредитке алып, алаяқтарға жібере салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, WhatsApp арқылы қоңырау шалған белгісіз адам өзін газ қызметкері ретінде таныстырған.
Одан кейін есептегішті тексереміз деп, әйелдің ұялы телефонына келген SMS-кодты сұраған. Оны алғаннан кейін тұтқаны қоя салған. Артынан өздерін ұлттық банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ретінде таныстырған белгісіз біреулер хабарласып, SMS-кодты алған алаяқтардан ақшаны сақтау керек деп байбалам салды. "Айна кредит" рәсімдеуге де көндірген.
"Алаяқтарға сенген әйел бірнеше банктен несие рәсімдеп, автокөлігін кепілге қойып, қаскөйлер көрсеткен шотқа 20 миллион теңгеден астам қаражат аударған. Қазіргі уақытта аталған қылмысты ашуға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді полицейлер.
Айта кетері, бұл – кеңінен тараған алаяқтық схема. Ондайда ұрланған ақша шетелге кетіп қалса, қылмыстық істі тергеу шаралары ұзаққа созылады.