https://sputnik.kz/20260225/qazaqstanda-khalyqtyn-bankterdegi-depoziti-15-ga-osti-61373621.html
Халықтың банктердегі депозиті 15%-ға өсті
Халықтың банктердегі депозиті 15%-ға өсті
Sputnik Қазақстан
Соңғы бес жылда салымдар көлемі 2,5 еседен асты, ал он жылда 4 еседен астам өсті 25.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-25T08:00+0500
2026-02-25T08:00+0500
2026-02-25T09:40+0500
инвестиция
депозит
https://sputnik.kz/img/437/66/4376648_0:200:2935:1850_1920x0_80_0_0_1fd63de516ac14f5c5fc47fede584937.jpg
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың депозиті 15%-ға өсіп, 28 трлн теңгеден асты, деп хабарлады Ranking.kz.Әсіресе соңғы жылдары өсім қарқыны жоғары болып отыр. Бұл халықтың инфляциядан қорғануға және қосымша табыс табуға мүмкіндік беретін қаржы құралдарына қызығушылығы артқанын көрсетеді. Соңғы бес жылда салымдар көлемі 2,5 еседен асты, ал он жылда 4 еседен астам өсті.Қазақстандықтар қаражатын сақтап, көбейту үшін депозиттерге ғана емес, басқа да қаржы құралдарына назар аудара бастады.Бүгінде елдің қаржы нарығында түрлі инвестициялық құрал бар, соның ішінде:Инвестициялаудың қарапайым, қолжетімді әрі тиімді құралдарының бірі – депозиттік сертификат. Қағидасы жағынан олар кәдімгі депозитке ұқсайды, бірақ бірқатар ерекшелігі бар.Банктің депозиттік сертификаты атауына қарамастан депозит емес, банк шығаратын бағалы қағаз. Оның нақты номиналдық құны және әрекет ету мерзімі болады (әдетте кемінде бір жыл). Қарапайым тілмен айтқанда: сіз банктен белгілі бір сомаға сертификат сатып аласыз, ал сыйақысы күн сайын төленіп отырады. Мерзімі аяқталған кезде банк сертификаттың номиналдық құнын шотыңызға қайтарады.Қазіргі таңда Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің ішінде депозиттік сертификаттарды тек екі банк ұсынады — отандық Home Credit Bank және ресейлік банктің еншілес ұйымы Банк ВТБ (Қазақстан).
https://sputnik.kz/20230525/aqsha-depozit-ashatyndar-neni-bilui-qazhet-35259557.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/437/66/4376648_101:0:2832:2048_1920x0_80_0_0_f9cedc453060056455c5389fa030684b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инвестиция, депозит
Халықтың банктердегі депозиті 15%-ға өсті
08:00 25.02.2026 (жаңартылды: 09:40 25.02.2026) Соңғы бес жылда салымдар көлемі 2,5 еседен асты, ал он жылда 4 еседен астам өсті
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың депозиті 15%-ға өсіп, 28 трлн теңгеден асты, деп хабарлады
Ranking.kz. Әсіресе соңғы жылдары өсім қарқыны жоғары болып отыр. Бұл халықтың инфляциядан қорғануға және қосымша табыс табуға мүмкіндік беретін қаржы құралдарына қызығушылығы артқанын көрсетеді. Соңғы бес жылда салымдар көлемі 2,5 еседен асты, ал он жылда 4 еседен астам өсті.
Қазақстандықтар қаражатын сақтап, көбейту үшін депозиттерге ғана емес, басқа да қаржы құралдарына назар аудара бастады.
Бүгінде елдің қаржы нарығында түрлі инвестициялық құрал бар, соның ішінде:
банктің депозиттік сертификаты;
Ұлттық банк шығарған өлшемді алтын құймаларына инвестиция;
пайлық инвестициялық қор;
қор нарығының басқа да құралдары;
Инвестициялаудың қарапайым, қолжетімді әрі тиімді құралдарының бірі – депозиттік сертификат. Қағидасы жағынан олар кәдімгі депозитке ұқсайды, бірақ бірқатар ерекшелігі бар.
Банктің депозиттік сертификаты атауына қарамастан депозит емес, банк шығаратын бағалы қағаз. Оның нақты номиналдық құны және әрекет ету мерзімі болады (әдетте кемінде бір жыл). Қарапайым тілмен айтқанда: сіз банктен белгілі бір сомаға сертификат сатып аласыз, ал сыйақысы күн сайын төленіп отырады. Мерзімі аяқталған кезде банк сертификаттың номиналдық құнын шотыңызға қайтарады.
Қазіргі таңда Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің ішінде депозиттік сертификаттарды тек екі банк ұсынады — отандық Home Credit Bank және ресейлік банктің еншілес ұйымы Банк ВТБ (Қазақстан).