Алматыда ер адам танысын пышақтап тастады

© Sputnik / Абзал Калиев Ограбление, иллюстративное фото
 Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Алматыда арнайы жасақ жауынгерлері танысына пышақ жарақатын салған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Медеу ауданында таныс ер адамдар арасында жанжал болып, бірі екіншісін пышақтап тастады.
"Оқиғадан кейін күдікті жасалған әрекеттің салдарын түсініп, оқиға орнынан бой тасалауға тырысқан. Арнайы жедел әрекет ету жасағы қызметкерлерінің кәсіби әрі үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде ер адам дереу ұсталды", - дейді полиция.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Адам қолындағы пышақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2026
Жаңаөзенде ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды
Жаңалықтар
0