Қашаған операторлары 2,3 трлн теңге айыппұл бойынша халықаралық арбитражға жүгінеді - БАҚ

© PhotoҚашаған кен орны
Қашаған кен орны - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2026
Жазылу
Айыппұл күкіртті дұрыс сақтамағаны үшін салынды
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Қашаған операторлары 2,3 триллион теңге көлеміндегі экологиялық айыппұлға қарсы шағымдану үшін халықаралық арбитражға жүгінуді бастады, деп хабарлайды Bloomberg.
Айыппұл күкіртті дұрыс сақтамағаны үшін салынды.
2022 жылдың желтоқсанында Қазақстан Eni SpA, Shell Plc және басқа да компаниялардың атынан Қашаған операторы қызметін атқарған NCOC компаниясына 2,356 триллион теңге айыппұл салды. Компанияның апелляциялық шағымын Астана соты қабылдамады.
Компания басшылығы заңсыз әрекетті жоққа шығаруды жалғастырып жатыр.
Қашаған кен орны - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2025
Экология министрлігі Қашаған операторына қатысты сот шешіміне түсініктеме берді
Жаңалықтар
0