Экология министрлігі Қашаған операторына қатысты сот шешіміне түсініктеме берді

© PhotoҚашаған кен орны
Қашаған кен орны - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2025
Жазылу
Бұл шешім компанияны экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды
АСТАНА, 15 тамыз - Sputnik. Қазақстан экология министрлігі Қашаған NCOC операторының ісі бойынша сот шешіміне түсініктеме берді.
Бұған дейін компания Қазақстанның 4,2 млрд доллар айыппұл салу туралы талабы бар сотта жеңіп шыққан болатын.
Бұған Атырау облысының экология департаменті ұйғарым шығарған кезде жол берген процестік бұзушылықтар себеп болды.
"Бұл шешім компанияны экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды. Сот департамент қорытындыларының негізділігін қарастырған жоқ және бағалаған жоқ", - деді министрліктегілер.
Қазір ведомство іс жүргізудегі кемшіліктерді жойып, құқық бұзғандарды жауапқа тарту үшін барлық заңды шараны қолдануды жалғастырады.
Месторождение Кашаган - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2025
Қашаған кен орнынан сұйытылған мұнай газын фракциялау зауытының құрылысы басталды
Жаңалықтар
0