Қашаған кен орнынан сұйытылған мұнай газын фракциялау зауытының құрылысы басталды

© министерство энергетики Республики КазахстанМесторождение Кашаган
Месторождение Кашаган - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2025
Жазылу
Қазір жабдыққа іргетас қалау, ғимараттар мен инфрақұрылым салу жұмыстары атқарылып жатыр
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Атырау облысында Қашаған кен орнынан сұйытылған мұнай газын алу, тасымалдау және фракциялау зауытының құрылысы басталды, деп хабарлайды Энергетика министрлігі.
Жобаны іске асыру ішкі нарықты газбен тұрақты қамтамасыз етуге және газ мотор отыны тапшылығын азайтуға бағытталған.
"Жоба Энергетика министрлігі мен Солтүстік Каспий жобасы бойынша өнімді бөлу туралы келісім аясында мердігер компаниялар арасындағы келісімдер негізінде жүзеге асырылуда. 2024 жылы "QazaqGaz" АҚ мен "НортКаспиан Оперейтинг Компани" ЖШС арасында СМГ сату-сатып алу шартына қол қойылып, жобаның жол картасы бекітілді", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі таңда нөлдік цикл жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, жабдыққа іргетас қалау, ғимараттар мен инфрақұрылым салу жұмыстары атқарылуда.
Ішкі нарыққа одан әрі өткізу үшін газдың алғашқы легін қабылдау 2025 жылғы желтоқсанға жоспарланған.
Жоба елдің энергетикалық қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызға ие және газ өңдеу саласының дамуына елеулі үлес қосады.
Газовое оборудование на газовом месторождении, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2025
Қазақстанда 2030 жылға қарай 74 млрд текше метр газ өндіру жоспарлануда – вице-министр
Жаңалықтар
0