https://sputnik.kz/20260223/almaty-taularynda-qar-koshkini-saldarynan-turist-koz-zhumdy-61374794.html
Алматы тауларында қар көшкіні салдарынан турист көз жұмды
Алматы тауларында қар көшкіні салдарынан турист көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Титов асуында төрт адамнан тұратын туристер тобы қар көшкіні астында қалған 23.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-23T11:10+0500
2026-02-23T11:10+0500
2026-02-23T11:10+0500
алматы
тау
туристер
https://sputnik.kz/img/old/1026/81/10268181_0:448:2047:1599_1920x0_80_0_0_87009fb46046e5a6c2efe8ef17ab5746.jpg
АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. Алматыда тауға серуендеуге шыққан адамдарды қар көшкіні басып қалды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.Министрліктің мәліметінше, Медеу ауданындағы Титов асуында, 3400 метр биіктікте төрт адамнан тұратын туристер тобы қар көшкіні астында қалған. Олардың біреуі өздігінен шыға алмаған. Құтқарушылар қар астынан мәйітті алып шықты.Әлеуметтік желіде қаза тапқан адамның 19 жастағы студент қыз екенін жазып жатыр.Оқиға орнына Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 23-әмбебап құтқару бөлімшесі, "Барыс" РММ қызметкерлері, кинологиялық жасақ пен еріктілер жедел түрде жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылды.
https://sputnik.kz/20260110/almatynyn-tau-klasteri-tauligine-30-myn-turist-qabyldau-zhosparlanyp-otyr-60303017.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1026/81/10268181_0:256:2047:1791_1920x0_80_0_0_e94c8e92868ae2452584172f5b3bbb64.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, тау, туристер
Алматы тауларында қар көшкіні салдарынан турист көз жұмды
Титов асуында төрт адамнан тұратын туристер тобы қар көшкіні астында қалған
АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. Алматыда тауға серуендеуге шыққан адамдарды қар көшкіні басып қалды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, Медеу ауданындағы Титов асуында, 3400 метр биіктікте төрт адамнан тұратын туристер тобы қар көшкіні астында қалған. Олардың біреуі өздігінен шыға алмаған. Құтқарушылар қар астынан мәйітті алып шықты.
Әлеуметтік желіде қаза тапқан адамның 19 жастағы студент қыз екенін жазып жатыр.
Оқиға орнына Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 23-әмбебап құтқару бөлімшесі, "Барыс" РММ қызметкерлері, кинологиялық жасақ пен еріктілер жедел түрде жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылды.