https://sputnik.kz/20260110/almatynyn-tau-klasteri-tauligine-30-myn-turist-qabyldau-zhosparlanyp-otyr-60303017.html
Алматының тау кластері: тәулігіне 30 мың турист қабылдау жоспарланып отыр
Алматының тау кластері: тәулігіне 30 мың турист қабылдау жоспарланып отыр
Sputnik Қазақстан
Тау шаңғысы туризмімен айналысатын бір туристің орташа тәуліктік шығыны шамамен 350 доллар 10.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-10T16:45+0500
2026-01-10T16:45+0500
2026-01-10T16:45+0500
алматы
тау
туризм
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1d/52026159_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_33694804b5f1aea83adc6fa945b5a838.jpg
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Алматының тау кластерін дамыту аясында таулы аймақтардың адам қабылдау мүмкіндігі бес есеге арттырып, тәулігіне 30 мың адамға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітованың айтуынша, таудың жақындығы қаланың басты бәсекелестік артықшылығы.Бүгінде туристік сала жаһандық жалпы ішкі өнімнің 10 пайызына дейін үлес қосады. Ал инфрақұрылымға салынған әрбір доллар 15 долларға дейін экономикаға тиімді.Тау шаңғысы туризмімен айналысатын бір туристің орташа тәуліктік шығыны шамамен 350 доллар. Бұл тау туризмін дамыту Алматы үшін экономикалық тұрғыдан аса маңызды.Сонымен қатар туристер санының өсуі таулы аумақтарға айтарлықтай жүктеме түсіріп отырғаны да айтылды. 2018 жылдан бері Іле-Алатау ұлттық саябағына келушілер саны 4,5 есеге артса, "Шымбұлақ" тау курортына келушілер саны 2,5 есеге өсіп, жылына 1,5 миллион адамға жеткен.Алматы тау кластері жыл бойы жұмыс істейтін көп маусымды туристік өнім ретінде дамып отыр: қыста – тау-шаңғы туризмі, жазда – хайкинг, экологиялық соқпақтар мен велосипед бағыттары. Аумақтың едәуір бөлігі кез келген жан үшін қолжетімді күйінде қалады. Барлық жобалық шешім экологиялық талаптарды сақтай отырып және қоғамдық талқылау арқылы жүзеге асырылады.
https://sputnik.kz/20251217/shymbulaq-pen-oy-qaragay-kurorttary-aspaly-zhol-arqyly-biriktiriledi-59662895.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1d/52026159_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_8421b99eb9dea92aa42cbdf2054573e0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, тау, туризм
Алматының тау кластері: тәулігіне 30 мың турист қабылдау жоспарланып отыр
Тау шаңғысы туризмімен айналысатын бір туристің орташа тәуліктік шығыны шамамен 350 доллар
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Алматының тау кластерін дамыту аясында таулы аймақтардың адам қабылдау мүмкіндігі бес есеге арттырып, тәулігіне 30 мың адамға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітованың айтуынша, таудың жақындығы қаланың басты бәсекелестік артықшылығы.
"Алматы таулы аумақ қала орталығынан небәрі 20-30 минуттық жерде орналасқан әлемдегі санаулы мегаполистердің бірі. Бұл жетекші тау туристік бағыттарын қалыптастыруға, туризмді тұрақтылық пен табиғатқа жанашырлықпен қарау қағидаттарына сүйене отырып дамытуға зор мүмкіндік береді", – деді Ғалия Тоқсейітова.
Бүгінде туристік сала жаһандық жалпы ішкі өнімнің 10 пайызына дейін үлес қосады. Ал инфрақұрылымға салынған әрбір доллар 15 долларға дейін экономикаға тиімді.
Тау шаңғысы туризмімен айналысатын бір туристің орташа тәуліктік шығыны шамамен 350 доллар. Бұл тау туризмін дамыту Алматы үшін экономикалық тұрғыдан аса маңызды.
Сонымен қатар туристер санының өсуі таулы аумақтарға айтарлықтай жүктеме түсіріп отырғаны да айтылды. 2018 жылдан бері Іле-Алатау ұлттық саябағына келушілер саны 4,5 есеге артса, "Шымбұлақ" тау курортына келушілер саны 2,5 есеге өсіп, жылына 1,5 миллион адамға жеткен.
Алматы тау кластері жыл бойы жұмыс істейтін көп маусымды туристік өнім ретінде дамып отыр: қыста – тау-шаңғы туризмі, жазда – хайкинг, экологиялық соқпақтар мен велосипед бағыттары. Аумақтың едәуір бөлігі кез келген жан үшін қолжетімді күйінде қалады. Барлық жобалық шешім экологиялық талаптарды сақтай отырып және қоғамдық талқылау арқылы жүзеге асырылады.