https://sputnik.kz/20251217/shymbulaq-pen-oy-qaragay-kurorttary-aspaly-zhol-arqyly-biriktiriledi-59662895.html
"Шымбұлақ" пен "Ой-Қарағай" курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі
"Шымбұлақ" пен "Ой-Қарағай" курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі
Sputnik Қазақстан
2025 жылы Іле-Алатау ұлттық паркіне 901 мың турист барса, "Шымбұлақ" курортына 1,1 млн адам барған 17.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-17T18:03+0500
2025-12-17T18:03+0500
2025-12-17T18:03+0500
алматы
шымбұлақ
тау
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1b/33292541_0:74:1440:884_1920x0_80_0_0_3f6cf8e50fb4c1f826a5084a7762f8e9.jpg
АСТАНА, 17 желтоқсан - Sputnik. "Шымбұлақ" пен "Ой-Қарағай" курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі, деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды.Әкімнің айтуынша, Алматы тау кластеріне күн сайын баратындардың саны оның бір мезетте қабылдай алатын шекті мөлшерінен көп.Мысалы, 2025 жылы Іле-Алатау ұлттық паркіне 901 мың турист барса, "Шымбұлақ" курортына 1,1 млн адам барған. Демалыс және мереке күндері келушілер саны тәулігіне 15 мың адамға дейін жетіп, бұл трасса мен аспалы жолдарға шамадан тыс жүктеме түсіріп, қызмет көрсету сапасының төмендеуіне алып келеді.Осы орайла әкім Алматы халықаралық әуежайын жаңғырту жұмыстары басталғанын хабарлады. Бұл жобаға 362 миллион доллар көлемінде инвестиция тартылып, әуежайдың жолаушы қабылдау мүмкіндігі 19 миллион адамға дейін артады.Бұған қоса, қалада 3 664 нөмірге арналған қонақ үйлер мен туристік нысандарды салу бойынша 11 жоба жүзеге асырылып жатыр
алматы
шымбұлақ
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1b/33292541_82:0:1359:958_1920x0_80_0_0_82217685de3c0a0058143963e999a798.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, шымбұлақ, тау
"Шымбұлақ" пен "Ой-Қарағай" курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі
2025 жылы Іле-Алатау ұлттық паркіне 901 мың турист барса, "Шымбұлақ" курортына 1,1 млн адам барған
АСТАНА, 17 желтоқсан - Sputnik. "Шымбұлақ" пен "Ой-Қарағай" курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі, деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды.
Әкімнің айтуынша, Алматы тау кластеріне күн сайын баратындардың саны оның бір мезетте қабылдай алатын шекті мөлшерінен көп.
Мысалы, 2025 жылы Іле-Алатау ұлттық паркіне 901 мың турист барса, "Шымбұлақ" курортына 1,1 млн адам барған. Демалыс және мереке күндері келушілер саны тәулігіне 15 мың адамға дейін жетіп, бұл трасса мен аспалы жолдарға шамадан тыс жүктеме түсіріп, қызмет көрсету сапасының төмендеуіне алып келеді.
"Осы мәселелерді шешу үшін "Шымбұлақ" пен "Ой-Қарағай" курорттарын аспалы жол арқылы біріктіретін Алматы тау кластерін дамыту жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба шетелдік туристер санын 1 млн адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді, ал қаланың экономикасына жыл сайынғы үлес 300 млрд теңге көлемінде кіріс әкеледі деп бағаланып отыр", – деді Дархан Сатыбалды.
Осы орайла әкім Алматы халықаралық әуежайын жаңғырту жұмыстары басталғанын хабарлады. Бұл жобаға 362 миллион доллар көлемінде инвестиция тартылып, әуежайдың жолаушы қабылдау мүмкіндігі 19 миллион адамға дейін артады.
Бұған қоса, қалада 3 664 нөмірге арналған қонақ үйлер мен туристік нысандарды салу бойынша 11 жоба жүзеге асырылып жатыр