Көшкін жүруі ықтимал: Алматыда таулы аймақтарда бекеттер қойылды

© Photo : АкордаАлматыдағы тау
Алматыдағы тау - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2026
Жазылу
ТЖМ азаматтарға таулы аймақтарға барудан уақытша бас тартуды ұсынады
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Алматы қаласының таулы аймақтарында қар көшкіні қаупінің жоғары деңгейі сақталып отыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
ТЖМ азаматтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, таулы аймақтарға барудан уақытша бас тартуды ұсынады.
"Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар көшкіні қаупі бар учаскелерде блок-бекеттер қойылды", - дейді министрлікте.
Таулы аймақтарға баруды жоспарлау кезінде ауа райы жағдайларын және уәкілетті қызметтердің ресми ескертулерін ескерулеріңізді сұраймыз, дейді құтқарушылар.
Сотрудники МЧС спасали людей на трассах Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2026
Соңғы он күнде қар құрсауынан 145 адам құтқарылды
Жаңалықтар
0