https://sputnik.kz/20260221/songy-on-kunde-qar-qursauynan-145-adam-qutqaryldy-61342751.html
Соңғы он күнде қар құрсауынан 145 адам құтқарылды
Соңғы он күнде қар құрсауынан 145 адам құтқарылды
Sputnik Қазақстан
Олардың ішінде 17 бала бар 21.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-21T14:31+0500
2026-02-21T14:31+0500
2026-02-21T14:31+0500
құтқару қызметі
құтқарушылар
https://sputnik.kz/img/07ea/02/07/61005739_0:128:800:578_1920x0_80_0_0_f290b10f90173caa06a99b4816f5aca8.jpg
АСТАНА, 21ақпан – Sputnik. Ауа райының нашарлауына (боранға, көктайғаққа, қатты желге және жолдың көрінбеуіне) байланысты соңғы он күнде құтқарушылар қар құрсауынан 145 адамды алып шықты Sputnik Қазақстан.Олардың ішінде 17 бала бар. Сондай-ақ 48 көлік қар құрсауынан шығарылды.Төтенше жағдайлар министрлігі ерекше құтқару жұмыстарына тоқталып өтті.Ақмола облысында Астана—Петропавл тасжолында шетелдік жолаушылар эвакуацияландыМакинск қаласы мен Макинка ауылы арасындағы жол учаскесінде қозғалтқыш ақауына байланысты "Петропавл — Шымкент" бағытындағы қаларалық автобус тоқтап қалған. Автобуста 13 жолаушы болған: үшеуі – Қазақстан, үшеуі –Өзбекстан, жетеуі – Қырғызстан азаматы. Олар жеделэвакуацияланып, Макинск қаласындағы жылыту пунктіне орналастырды.БҚО-да қар құрсауынан бір отбасы құтқарылдыСырым ауданында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып, бір отбасының 3 мүшесі құтқарылған. Олар Жымпиты ауылына жеткізілді. Олардың арасында бір бала және жүкті әйел бар.Абай облысында 28 адам эвакуацияландыАягөз ауданында жолаушылар автобусының техникалық ақауына байланысты жолаушылар жолда қалған. ТЖМ күштері Өскемен — Алматы бағытындағы автобустан 28 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады. Олар Аягөз қаласының теміржол вокзалына жеткізілді.Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар шұғыл жағдайда көмекке келдіСамар ауданында "Өскемен – Тарғын – Самар" облыстық маңызы бар автожолында үш жеңіл автокөлік қар құрсауында қалды. Тас жолдан 10 адам, оның ішінде екі бала эвакуацияланды. Барлығы жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді.Қарағанды облысында 15 шетелдік эвакуацияландыҚұтқарушылар "Новосибирск – Шымкент" бағытымен келе жатып, жолда қалған автобус жолаушыларына көмекке келді. Автобуста 15 адам, оның ішінде 4 бала болған. Барлығы – Тәжікстан азаматтары. ТЖМ қызметкерлері жолаушыларды жақын маңдағы жылыту пунктіне жеткізді.Солтүстік Қазақстан облысында көлік жол жиегіндегі орға түсіп кеткенАйыртау ауданындағы Құмтөккен ауылының маңында салонында бес ересек адам бар жеңіл көлік жол жиегіндегі орға түсіп кеткен. Қызмет бабымен өтіп бара жатқан Жедел-құтқару жасағы орда тұрған көлікті көріп, дереу тоқтап, көмек көрсетті. Автокөлікті сүйреп, жолға шығарды.Маңғыстау облысында ТЖМ қызметкерлері далада жоғалып кеткен төрт адам құтқардыКеше 1992, 2001 және 2007 жылдары туған төрт ер адам жол талғамайтын көлікпен Бейнеу ауданы аттас ауылдан "Үш қатын" жеріне қарай мал іздеуге шыққан. Олармен байланыс үзіліп, телефондары өшіп қалған соң, шұғыл қызметтер іздеуге кірісті. Іздеу жұмыстары қараңғы уақыт пен қолайсыз ауа райы тудырған күрделі жағдайда жүргізілді. ТЖД тобы жол талғамайтын көлігімен 150 шақырымға жуық жол жүріп, жоғалғандарды табу үшін спутниктік байланыс пен ұшқышсыз ұшу аппаратын қолданды. Таңертең жоғалған адамдар табылды. Олардың көлігі қар құрсауында қалып қойғаны белгілі болды. Құтқарушылар төртеуін де эвакуациялап, елді мекенге жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет емес.Атырау облысында жаңа туған сәбиге көмектесу үшін құтқарушылар қарлы боран мен көктайғақты еңсергенҚұрманғазы ауданының орталығынан 275 шақырым қашықтықта орналасқан шалғай ауылдан шұғыл шақырту түскен: жас ана мен оның жаңа туған нәрестесі көмекке мұқтаж болды. Мерзімінен бұрын дүниеге келген сәби ерекше күтімді қажет етті, ал қалың қар мен көктайғақ ауылды сыртқы әлемнен оқшаулап тастады. Мұндай ауа райында қарапайым көлікпен жолға шығу мүмкін емес еді. Күрделі ауа райы жағдайына қарамастан, құтқарушылар жол талғамайтын арнайы техникамен межелі жерге жедел жетті. Олар ана мен баланы аудандық ауруханаға аман-есен жеткізді.
https://sputnik.kz/20260213/zhambyl-oblysynda-2-mynnan-astam-kolik-zholda-qaldy-61148161.html
https://sputnik.kz/20260207/qazaqstanda-bir-aptada-qar-qursauynan-96-adam-qutqaryldy-61016109.html
https://sputnik.kz/20260117/aqtobe-oblysynda-zholda-turyp-qalgan-avtobustan-46-sheteldik-evakuatsiyalandy-60464398.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/07/61005739_0:1:800:601_1920x0_80_0_0_591f6c98d37ae5f4c7e4941be24e905a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құтқару қызметі, құтқарушылар
құтқару қызметі, құтқарушылар
Соңғы он күнде қар құрсауынан 145 адам құтқарылды
Олардың ішінде 17 бала бар
АСТАНА, 21ақпан – Sputnik. Ауа райының нашарлауына (боранға, көктайғаққа, қатты желге және жолдың көрінбеуіне) байланысты соңғы он күнде құтқарушылар қар құрсауынан 145 адамды алып шықты
Sputnik Қазақстан. Олардың ішінде 17 бала бар. Сондай-ақ 48 көлік қар құрсауынан шығарылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі ерекше құтқару жұмыстарына тоқталып өтті.
Ақмола облысында Астана—Петропавл тасжолында шетелдік жолаушылар эвакуацияланды
Макинск қаласы мен Макинка ауылы арасындағы жол учаскесінде қозғалтқыш ақауына байланысты "Петропавл — Шымкент" бағытындағы қаларалық автобус тоқтап қалған. Автобуста 13 жолаушы болған: үшеуі – Қазақстан, үшеуі –Өзбекстан, жетеуі – Қырғызстан азаматы. Олар жеделэвакуацияланып, Макинск қаласындағы жылыту пунктіне орналастырды.
БҚО-да қар құрсауынан бір отбасы құтқарылды
Сырым ауданында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып, бір отбасының 3 мүшесі құтқарылған. Олар Жымпиты ауылына жеткізілді. Олардың арасында бір бала және жүкті әйел бар.
Абай облысында 28 адам эвакуацияланды
Аягөз ауданында жолаушылар автобусының техникалық ақауына байланысты жолаушылар жолда қалған. ТЖМ күштері Өскемен — Алматы бағытындағы автобустан 28 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады. Олар Аягөз қаласының теміржол вокзалына жеткізілді.
Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар шұғыл жағдайда көмекке келді
Самар ауданында "Өскемен – Тарғын – Самар" облыстық маңызы бар автожолында үш жеңіл автокөлік қар құрсауында қалды. Тас жолдан 10 адам, оның ішінде екі бала эвакуацияланды. Барлығы жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді.
Қарағанды облысында 15 шетелдік эвакуацияланды
Құтқарушылар "Новосибирск – Шымкент" бағытымен келе жатып, жолда қалған автобус жолаушыларына көмекке келді. Автобуста 15 адам, оның ішінде 4 бала болған. Барлығы – Тәжікстан азаматтары. ТЖМ қызметкерлері жолаушыларды жақын маңдағы жылыту пунктіне жеткізді.
Солтүстік Қазақстан облысында көлік жол жиегіндегі орға түсіп кеткен
Айыртау ауданындағы Құмтөккен ауылының маңында салонында бес ересек адам бар жеңіл көлік жол жиегіндегі орға түсіп кеткен. Қызмет бабымен өтіп бара жатқан Жедел-құтқару жасағы орда тұрған көлікті көріп, дереу тоқтап, көмек көрсетті. Автокөлікті сүйреп, жолға шығарды.
Маңғыстау облысында ТЖМ қызметкерлері далада жоғалып кеткен төрт адам құтқарды
Кеше 1992, 2001 және 2007 жылдары туған төрт ер адам жол талғамайтын көлікпен Бейнеу ауданы аттас ауылдан "Үш қатын" жеріне қарай мал іздеуге шыққан. Олармен байланыс үзіліп, телефондары өшіп қалған соң, шұғыл қызметтер іздеуге кірісті. Іздеу жұмыстары қараңғы уақыт пен қолайсыз ауа райы тудырған күрделі жағдайда жүргізілді. ТЖД тобы жол талғамайтын көлігімен 150 шақырымға жуық жол жүріп, жоғалғандарды табу үшін спутниктік байланыс пен ұшқышсыз ұшу аппаратын қолданды. Таңертең жоғалған адамдар табылды. Олардың көлігі қар құрсауында қалып қойғаны белгілі болды. Құтқарушылар төртеуін де эвакуациялап, елді мекенге жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет емес.
Атырау облысында жаңа туған сәбиге көмектесу үшін құтқарушылар қарлы боран мен көктайғақты еңсерген
Құрманғазы ауданының орталығынан 275 шақырым қашықтықта орналасқан шалғай ауылдан шұғыл шақырту түскен: жас ана мен оның жаңа туған нәрестесі көмекке мұқтаж болды. Мерзімінен бұрын дүниеге келген сәби ерекше күтімді қажет етті, ал қалың қар мен көктайғақ ауылды сыртқы әлемнен оқшаулап тастады. Мұндай ауа райында қарапайым көлікпен жолға шығу мүмкін емес еді. Күрделі ауа райы жағдайына қарамастан, құтқарушылар жол талғамайтын арнайы техникамен межелі жерге жедел жетті. Олар ана мен баланы аудандық ауруханаға аман-есен жеткізді.