https://sputnik.kz/20260221/ukraina-qaruly-kushteri-telegram-dy-askeri-maqsatta-paydalanyp-zhatyr--fqq-61339110.html
Украина қарулы күштері Telegram-ды әскери мақсатта пайдаланып жатыр – ФҚҚ
Украина қарулы күштері Telegram-ды әскери мақсатта пайдаланып жатыр – ФҚҚ
Sputnik Қазақстан
15-17 ақпан аралығында мессенджер 600 000-ға жуық арна мен топты бұғаттады, бұл – бір айдағы ең жоғары көрсеткіш 21.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-21T12:39+0500
2026-02-21T12:39+0500
2026-02-21T12:39+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
telegram
украина
әскерилер
https://sputnik.kz/img/490/57/4905786_0:452:2837:2048_1920x0_80_0_0_d4e87c7a40159d71394946efa9c835c6.jpg
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Ресей федералды қауіпсіздік қызметінде Украина Қарулы Күштері мен арнайы қызметтері Telegram мессенджерінен ақпаратты тез алып, оны әскери мақсатта пайдалана алатыны туралы сенімді деректер бар, деп хабарлады РИА Новостиге федералды қауіпсіздік қызметінің қоғаммен байланыс орталығы.Өткен аптада Роскомнадзор қосымшаның жұмысын баяулата бастады. БАҚ-та оның 1 сәуірден бастап толығымен бұғатталғаны туралы тараған хабарламалар расталған да, жоққа шығарылған да жоқ.15-17 ақпан аралығында мессенджер 600 000-ға жуық арна мен топты бұғаттады, бұл – бір айдағы ең жоғары көрсеткіш.Бұған дейін Роскомнадзор Telegram апта сайын сұраныс бойынша "деректерді заңсыз анықтау" қызметтерін ұсынатын жүзге жуық сервисті жоятынын хабарлаған еді. 2022 жылдан бері олардың жалпы саны 8 358-ге жеткен. Алайда жағдай түбегейлі өзгеріп өзгермеген: жаңа ресурстар үнемі пайда болуда. Ведомство платформаның басшылығы мұндай боттардың қызметін өз бетінше тоқтатуы, оларды іздеуге тыйым салуы және ұрланған жеке деректерге қол жеткізу үшін инфрақұрылым ұсынуды доғаруы қажет екенін атап өтті.Қаскөйлер бұл деректерді алаяқтық жасау, ақша бопсалау және диверсиялық әрекеттер үшін белсенді түрде пайдаланады. Осыған байланысты Telegram-нан пайдаланушылардың қауіпсіздігін арттыру бірнеше рет талап етілгенімен, барлық өтініштер елеусіз қалдырылған. Мессенджер құқық қорғау органдарына алаяқтық фактілері бойынша ғана емес, сондай-ақ террористік актілерді жоспарлау және жасау туралы мәліметтерді де беруден бас тартып отыр. Сонымен қатар бұл ақпарат шетелдік арнайы қызметтерге берілетіні атап өтілді.
https://sputnik.kz/20251114/telegram-bir-kunde-zharty-millionnan-astam-top-pen-arnalardy-bugattady--58773916.html
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/490/57/4905786_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_5303a97defc6bc6fac7d681b0a91617b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
telegram, украина, әскерилер
telegram, украина, әскерилер
Украина қарулы күштері Telegram-ды әскери мақсатта пайдаланып жатыр – ФҚҚ
15-17 ақпан аралығында мессенджер 600 000-ға жуық арна мен топты бұғаттады, бұл – бір айдағы ең жоғары көрсеткіш
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Ресей федералды қауіпсіздік қызметінде Украина Қарулы Күштері мен арнайы қызметтері Telegram мессенджерінен ақпаратты тез алып, оны әскери мақсатта пайдалана алатыны туралы сенімді деректер бар, деп хабарлады
РИА Новостиге федералды қауіпсіздік қызметінің қоғаммен байланыс орталығы.
"Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметінде Украинаның қарулы күштері мен арнайы қызметтері Telegram мессенджерінде жарияланған ақпаратты тез алып, оны әскери мақсатта пайдалана алатыны туралы сенімді ақпарат бар", - делінген мәлімдемеде.
Өткен аптада Роскомнадзор қосымшаның жұмысын баяулата бастады. БАҚ-та оның 1 сәуірден бастап толығымен бұғатталғаны туралы тараған хабарламалар расталған да, жоққа шығарылған да жоқ.
15-17 ақпан аралығында мессенджер 600 000-ға жуық арна мен топты бұғаттады, бұл – бір айдағы ең жоғары көрсеткіш.
Бұған дейін Роскомнадзор Telegram апта сайын сұраныс бойынша "деректерді заңсыз анықтау" қызметтерін ұсынатын жүзге жуық сервисті жоятынын хабарлаған еді. 2022 жылдан бері олардың жалпы саны 8 358-ге жеткен. Алайда жағдай түбегейлі өзгеріп өзгермеген: жаңа ресурстар үнемі пайда болуда. Ведомство платформаның басшылығы мұндай боттардың қызметін өз бетінше тоқтатуы, оларды іздеуге тыйым салуы және ұрланған жеке деректерге қол жеткізу үшін инфрақұрылым ұсынуды доғаруы қажет екенін атап өтті.
Қаскөйлер бұл деректерді алаяқтық жасау, ақша бопсалау және диверсиялық әрекеттер үшін белсенді түрде пайдаланады. Осыған байланысты Telegram-нан пайдаланушылардың қауіпсіздігін арттыру бірнеше рет талап етілгенімен, барлық өтініштер елеусіз қалдырылған. Мессенджер құқық қорғау органдарына алаяқтық фактілері бойынша ғана емес, сондай-ақ террористік актілерді жоспарлау және жасау туралы мәліметтерді де беруден бас тартып отыр. Сонымен қатар бұл ақпарат шетелдік арнайы қызметтерге берілетіні атап өтілді.