https://sputnik.kz/20251114/telegram-bir-kunde-zharty-millionnan-astam-top-pen-arnalardy-bugattady--58773916.html
Telegram бір күнде жарты миллионнан астам топ пен арнаны бұғаттады
Telegram бір күнде жарты миллионнан астам топ пен арнаны бұғаттады
Sputnik Қазақстан
Қараша айының басынан бастап шамамен 3 млн телеграм арна бұғатталған 14.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-14T16:15+0500
2025-11-14T16:15+0500
2025-11-14T16:26+0500
бұғаттау
https://sputnik.kz/img/430/96/4309689_0:318:3076:2048_1920x0_80_0_0_2ef313252d057920522a7b87416352c6.jpg
АСТАНА, 14 қараша - Sputnik. Telegram бір күнде 519 645 топ пен арнаны бұғаттады. Бұл ақпан айынан бері ең көп көрсеткіш, деп хабарлайды РИА Новости мессенджердің есебіне сілтеме жасап. Telegram сайтында ұсынылған мәліметтерге сәйкес, қараша айының басынан бастап мессенджер 2,8 миллион топ пен арнаны бұғаттаған. Тек 13 қарашада олардың саны 519 645-ке жетті. Осылайша, көрсеткіш 500 мыңнан жоғары көтерілді. Жалпы, биыл жыл басынан бері 34 913 282 топ пен арна бұғатталды, оның ішінде терроризммен байланысты 207 772 қауымдастық бар. Мессенджер әкімшілігі 2015 жылдан бастап модерация пайдаланушылардың шағымдары мен машиналық оқытуға негізделген бақылауды қамтитынын айтады. Ал 2024 жылдың басында бұл жұмыс жасанды интеллектпен күшейтілген. Telegram - көптеген форматтағы хабарламалар мен медианы бөлісуге мүмкіндік беретін мессенджер. Оны 2013 жылы "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Павел Дуров құрған. Telegram-ды белсенді пайдаланушылардың саны ай сайын 1 миллиардтан асады.
https://sputnik.kz/20251029/prank-zhasaytyndardyn-paraqshasyn-bugattau-qazhet---deputat-58280409.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/430/96/4309689_246:0:2977:2048_1920x0_80_0_0_69121884d6d9b2e4616b54b347eca11b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бұғаттау
Telegram бір күнде жарты миллионнан астам топ пен арнаны бұғаттады
16:15 14.11.2025 (жаңартылды: 16:26 14.11.2025) Қараша айының басынан бастап шамамен 3 млн телеграм арна бұғатталған
АСТАНА, 14 қараша - Sputnik. Telegram бір күнде 519 645 топ пен арнаны бұғаттады. Бұл ақпан айынан бері ең көп көрсеткіш, деп хабарлайды
РИА Новости мессенджердің есебіне сілтеме жасап.
Telegram сайтында ұсынылған мәліметтерге сәйкес, қараша айының басынан бастап мессенджер 2,8 миллион топ пен арнаны бұғаттаған. Тек 13 қарашада олардың саны 519 645-ке жетті.
Осылайша, көрсеткіш 500 мыңнан жоғары көтерілді. Жалпы, биыл жыл басынан бері 34 913 282 топ пен арна бұғатталды, оның ішінде терроризммен байланысты 207 772 қауымдастық бар.
Мессенджер әкімшілігі 2015 жылдан бастап модерация пайдаланушылардың шағымдары мен машиналық оқытуға негізделген бақылауды қамтитынын айтады. Ал 2024 жылдың басында бұл жұмыс жасанды интеллектпен күшейтілген.
Telegram - көптеген форматтағы хабарламалар мен медианы бөлісуге мүмкіндік беретін мессенджер. Оны 2013 жылы "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Павел Дуров құрған. Telegram-ды белсенді пайдаланушылардың саны ай сайын 1 миллиардтан асады.