"Телефоныңыздан қоңырау соғайыншы": Оралда ер адамды 720 мыңға теңгеге алдап кетті

© Sputnik / Игорь Руссак / Медиабанкке өтуМобильный телефон
Мобильный телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2026
Жазылу
Қаскүнем оның атына қашықтан несие рәсімдеген
АЛМАТЫ, 21 ақпан - Sputnik. Орал қаласында ер адам бөгде адамның атына несие рәсімдеген, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті.
Полиция басқармасына қаланың 61 жастағы тұрғыны жүгінген. Ол өзінің атына бөгде адамның несие рәсімдегенін айтқан.
"28 қаңтарда 1997 жылы туған күдікті Орал аумағында ер адамнан "қоңырау шалу" деген сылтаумен ұялы телефон сұраған. Жәбірленушінің сеніміне кіре отырып, қаскүнем оның атына 725 362 теңге сомасында қашықтан несие рәсімдеген", - дейді полициядағылар.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.
Қария - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2025
Ақтөбеде банк менеджері зейнеткерлердің атына несие рәсімдеген
Жаңалықтар
0