Ақтөбеде банк менеджері зейнеткерлердің атына несие рәсімдеген

© Photo : Pixabay / Steve BuissinneҚария
Қария - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2025
Жазылу
Қазіргі уақытта алты жәбірленуші анықталды
АСТАНА, 29 желтоқсан - Sputnik. Ақтөбеде зейнеткерлерге несие ресімдеген банк менеджері ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Полиция органдарына егде жастағы бірнеше азамат өз аттарына белгісіз адамдардың несие рәсімдегені туралы шағым түсірген.
"Тергеу іс-шаралары барысында банктердің бірінің менеджері кредиттер бойынша төлем операцияларын жүргізу сылтауымен зейнеткерлердің атына несие ресімдегені белгілі болды. Менеджер олардың шоттарынан ақша шешіп алған", - дейді полицияда.
Қазіргі уақытта алты жәбірленуші анықталды. Күдікті өз кінәсін мойындады.
Қазір тергеу жүріп жатыр.
Архивное фото работницы банка - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2025
Қазақстандықтар енді бір уақытта бірнеше кредит ала алмайды
Жаңалықтар
0