Қазақстандықтар енді бір уақытта бірнеше кредит ала алмайды

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуАрхивное фото работницы банка
Архивное фото работницы банка - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2025
Жазылу
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Депутаттардың нормативтік актілерді нақтылауға және азаматтар мен бизнестің мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталған екінші оқылымға қатысты ұсыныстарын жұмыс тобы қолдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Негізгі бастамалардың қатарында заңды және жеке тұлғалардың шотына сыйақы есептеуге тыйым салуды алып тастау бар.
"Жеке тұлғалардың бірнеше банктен немесе микроқаржы ұйымынан бір сағат ішінде несие алуға өтініш беруіне қойылған шектеу сақталды", - деп жазылған хабарламада.
Несие бюролары алаяқтыққа қарсы Антифрод орталығына енгізіледі және алаяқтық әрекеттерді тексеру үшін жеке тұлғалардың екі немесе одан да көп банкке берген несие өтінімдері туралы ақпаратты бір сағат ішінде бөлісуге міндетті болады.
Бастапқы биометриялық мәліметтерді алу және электронды цифрлық қолтаңбаны беру тек клиенттің жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
Программа Бақытты отбасы: как получить льготный кредит на жилье - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2025
Кімдерге кредит берілмейді: жаңа талап күшіне енді
Жаңалықтар
0