https://sputnik.kz/20260220/biyl-80-nen-astam-suaru-kanalyn-tsifrlandyru-bastalady-61302261.html
Биыл 80-нен астам суару каналын цифрландыру басталады
Биыл 80-нен астам суару каналын цифрландыру басталады
Sputnik Қазақстан
Нәтижесінде 2027 жылға қарай 900 шақырымнан астам канал жаңғыртылады 20.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-20T08:38+0500
2026-02-20T08:38+0500
2026-02-20T08:38+0500
цифрландыру
су
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/09/57725765_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_7b0474af17dba555b33ef7c556f43a6e.jpg
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл бұған дейін реконструкциядан өткен "Қазсушар" РМК қарамағындағы 86 суару каналын цифрландыру жұмыстарын бастайды.Жоба аясында механикалық гидрожапқыштарды автоматтандыру, сондай-ақ оларға су көлемі мен деңгейін есепке алатын құрылғылар орнату көзделген. Жалпы осы шаралар нәтижесінде ұзындығы 502 шақырымнан астам суару желісі цифрландырылады.Министрлік мәліметінше, бұл – Қазақстандағы ирригация желілерін цифрландыру мен автоматтандыруға бағытталған жалғыз жоба емес.Вице министр 2026 жылдың бірінші жартысында тағы 263 каналдың реконструкциясы мен автоматтандырылуына арналған жобалау-сметалық құжат әзірлеу жұмыстары аяқталатынын айтты.
https://sputnik.kz/20260218/qazaqstandagy-su-qoymalary-tasqyn-sudy-qabyldauga-dayyn-61253720.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/09/57725765_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_4ca45bc049ba01695f88f0727cc87839.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
цифрландыру, су, министрлік
цифрландыру, су, министрлік
Биыл 80-нен астам суару каналын цифрландыру басталады
Нәтижесінде 2027 жылға қарай 900 шақырымнан астам канал жаңғыртылады
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл бұған дейін реконструкциядан өткен "Қазсушар" РМК қарамағындағы 86 суару каналын цифрландыру жұмыстарын бастайды.
Жоба аясында механикалық гидрожапқыштарды автоматтандыру, сондай-ақ оларға су көлемі мен деңгейін есепке алатын құрылғылар орнату көзделген. Жалпы осы шаралар нәтижесінде ұзындығы 502 шақырымнан астам суару желісі цифрландырылады.
Министрлік мәліметінше, бұл – Қазақстандағы ирригация желілерін цифрландыру мен автоматтандыруға бағытталған жалғыз жоба емес.
"Биыл Ислам даму банкінің қолдауымен оңтүстік өңірлердегі 103 канал бойынша жұмыстар басталады. Соның нәтижесінде 2027 жылға қарай 900 шақырымнан астам канал жаңғыртылады", – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.
Вице министр 2026 жылдың бірінші жартысында тағы 263 каналдың реконструкциясы мен автоматтандырылуына арналған жобалау-сметалық құжат әзірлеу жұмыстары аяқталатынын айтты.