https://sputnik.kz/20260220/ayeli-men-balasyn-oltirgen-qostanay-oblysynda-er-adamga-sot-ukimi-shyqty-61317930.html
Әйелі мен баласын өлтірген: Қостанай облысында ер адамға сот үкімі шықты
Әйелі мен баласын өлтірген: Қостанай облысында ер адамға сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Пышақпен қаруланып, жұбайы жатқан бөлмеге бара жатқан кезде кәмелетке толмаған ұлы оянып кеткен 20.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-20T13:43+0500
2026-02-20T13:43+0500
2026-02-20T13:59+0500
қостанай облысы
қылмыстық іс
адам өлтіру
https://sputnik.kz/img/90/63/906398_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_77e29575dd54a9a960c7e9e311d332d0.jpg
АСТАНА, 20 ақпан - Sputnik. Қостанай облысы Аманқарағай ауылында ер адам әйелі мен баласын пышақтап өлтірген, деп хабарлайды облыстық сот.Қайғылы оқиға былтыр қыркүйекте болған. Аманқарағай ауылының тұрғыны өз үйінде әйелі мен баласын пышақтап өлтірген.Осы уақытта әйелі оянып кетіп, ұлына араша түседі. Алайда сотталушы сол пышақпен оның денесіне бірнеше рет соққы жасаған."Көптеген пышақ жарақатының салдарынан сотталушының кәмелетке толмаған ұлы мен оның анасы оқиға орнында қайтыс болған", - дейді облыстық сотта.Қылмыстық істі Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Сотталушыға екі адамды, оның ішінде көрінеу кәмелетке толмағанды өлтіру фактісі бойынша Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1), 14) тармақтары бойынша айып тағылды.Сотталушының үлкен ұлы анасы мен інісін енді қайтара алмайтынын, бірақ әкесіне ауыр жаза қолданбауды сұраған. Ал сотталушы ұлы мен жұбайын өлтіру ниеті болмағанын, туыстарына пышақ жарақатын салу кезінде шок күйінде болғанын айтқан.Сот үкімімен ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
https://sputnik.kz/20260109/ayelin-azaptap-oltirgen-er-adam-14-zhylga-sottaldy-60259542.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/90/63/906398_169:0:890:541_1920x0_80_0_0_bbf5339da8edadd6a04167b9b1aed74c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, қылмыстық іс, адам өлтіру
қостанай облысы, қылмыстық іс, адам өлтіру
Әйелі мен баласын өлтірген: Қостанай облысында ер адамға сот үкімі шықты
13:43 20.02.2026 (жаңартылды: 13:59 20.02.2026) Пышақпен қаруланып, жұбайы жатқан бөлмеге бара жатқан кезде кәмелетке толмаған ұлы оянып кеткен
АСТАНА, 20 ақпан - Sputnik. Қостанай облысы Аманқарағай ауылында ер адам әйелі мен баласын пышақтап өлтірген, деп хабарлайды облыстық сот.
Қайғылы оқиға былтыр қыркүйекте болған. Аманқарағай ауылының тұрғыны өз үйінде әйелі мен баласын пышақтап өлтірген.
"Ер адам әйелін қызғанып, арадағы қарым-қатынасты шешпек болған. Пышақпен қаруланып, жұбайы жатқан бөлмеге бара жатқан кезде кәмелетке толмаған ұлы оянып кеткен. Ұлы әкесін тоқтатпақ болғанда ер адам оны бірнеше рет пышақтаған", - дейді сотта.
Осы уақытта әйелі оянып кетіп, ұлына араша түседі. Алайда сотталушы сол пышақпен оның денесіне бірнеше рет соққы жасаған.
"Көптеген пышақ жарақатының салдарынан сотталушының кәмелетке толмаған ұлы мен оның анасы оқиға орнында қайтыс болған", - дейді облыстық сотта.
Қылмыстық істі Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Сотталушыға екі адамды, оның ішінде көрінеу кәмелетке толмағанды өлтіру фактісі бойынша Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1), 14) тармақтары бойынша айып тағылды.
Сотталушының үлкен ұлы анасы мен інісін енді қайтара алмайтынын, бірақ әкесіне ауыр жаза қолданбауды сұраған. Ал сотталушы ұлы мен жұбайын өлтіру ниеті болмағанын, туыстарына пышақ жарақатын салу кезінде шок күйінде болғанын айтқан.
Сот үкімімен ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді.