Әйелін ұрып өлтірген ер адам 14 жылға сотталды

© Sputnik/Айдана ДайыроваНа фото погибшая Айзат Джуманова
На фото погибшая Айзат Джуманова - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2026
Жазылу
Айзат пен оның күйеуі небәрі үш жыл некеде тұрған
АСТАНА, 9 қаңтар - Sputnik. Талдықорғанда 32 жастағы әйелін өлтірген ер адамға қатысты үкім шығарылды.
Айзат Жұманова 2025 жылдың маусым айында қайтыс болды. Күйеуі оны ес-түссіз күйде ауруханаға алып келіп, марқұмның отбасына оның қайтыс болғаны туралы кейінірек хабарлаған.
Айзат пен оның күйеуі небәрі үш жыл некеде тұрған. Марқұмның артында екі жасар қызы қалды.
Сотта анықталғандай, 2025 жылғы 22 маусымда сағат 00:00 шамасында сотталушы алкогольдік масаң күйде бола отырып, Айзатты үй ауласынан қақпа сыртына шығарып, оның өмір сүру үшін маңызды органдарына бірнеше рет соққы жасаған. Алынған жарақаттардың салдарынан жәбірленуші кейіннен ауруханада қайтыс болған.
Марқұм Айзаттың тұрған үйі - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2025
"Қызымды сүйрелеген": Жетісуда азаппен өлген әйелдің анасы оқиғаның мән-жайын айтты
Сот Айзаттың күйеуін өз әйелін қасақана өлтіруге кінәлі деп тапты. Оның кінәсі сот сараптама қорытындыларымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, куәлердің айғақтарымен, сот-медициналық тергеу нәтижелерімен дәлелденді, сондай-ақ істің басқа материалдарымен расталды.
Бірақ Айзатты өлтіру кезінде оны сүйреп азаптағаны және оның жүкті екендігі расталмады.
Сот үкім шығару кезінде сотталушының қылмысты мас күйінде жасағанын және жеңілдететін мән-жайлардың жоқтығын ескерді.
Ер адамның бұрын соттылығы болмағанын ескере отырып, оған 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтейді.
Сонымен қатар 20 млн теңге көлеміндегі моральдық залалды өтеуге міндеттелді.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2025
"Қатты өкінемін": Жетісуда қатыгездікпен өлтірілген әйелдің күйеуі сотта жауап берді
Жаңалықтар
0