"Қызымды сүйрелеген": Жетісуда азаппен өлген әйелдің анасы оқиғаның мән-жайын айтты

© Sputnik / Айдана ДайыроваМарқұм Айзаттың тұрған үйі
Марқұм Айзаттың тұрған үйі - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2025
Жазылу
Sputnik Қазақстан тілшісі Айзат келін болып түскен Баласаз ауылына барды. 15 шақырым қара топырақ жол - марқұмның өлімші халде ауруханаға дейін жүріп өткен жолы. Баласазға баратын басқа жол жоқ
АЛМАТЫ, 18 шілде – Sputnik. Жетісу облысы Ақсу ауданы Баласаз ауылында тұрмысқа шыққанына небәрі үш жыл болған Айзат қатыгездікпен өлтірілді. Күдікті – күйеуі. Қайғылы жағдай қалай болды, Sputnik Қазақстан тілшісі Баласаз ауылына арнайы барып біліп қайтты.
22 маусымға қараған түні Айзаттың қыршын өмірі қиылды, артында 2 жасар қызы қалды.

"Ес-түссіз жатқан қызымды көліктен-көлікке сүйрелеп, түнгі 02:00 шамасында облыстық ауруханаға әкелген. Ал бізге өлгенін айтып, таңғы тоғызда бір-ақ хабар берді. Аурухана бізден 20 минут қана жер. Құда өз баласын ақтау үшін бар құжатын реттеп барып қана бізге хабар берді. Олар тіпті жедел жәрдем де шақырмаған", - дейді марқұм Айзаттың анасы Салтанат Жұманова.

Олар Айзатты мәйітханадан тауып, қызының денесін көрсетуді талап еткен. Алайда мәйітханадағылар маңайлатпайды. Дауласып жүріп, ақыры Айзаттың денесін өз көздерімен көрген.
© Sputnik / Айдана ДайыроваМарқұм Айзат пен күйеуі Айбар
Жетісу облысында күйеуі әйелін ұрып өлтірді - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2025
Марқұм Айзат пен күйеуі Айбар

"Басын ұстасам, шүйде жағы жұп-жұмсақ, сынып кеткен, шашы су. Беті қап-қара, күп болып ісіп кеткен. Қыздың мәйітін ашып жібердім. Жақ сүйегі сынып кеткен. Денесінің кей жерінде терілері сыпырылып, саусақтары көгерген", - дейді әпкесі Раушан Дәуренбекова.

© Sputnik / Айдана Дайырова

Жетісу облысының Баласаз ауылына апаратын жол

Жетісу облысының Баласаз ауылына апаратын жол - Sputnik Қазақстан
1/6

Жетісу облысының Баласаз ауылына апаратын жол

© Sputnik / Айдана Дайырова

Жетісу облысының Баласаз ауылы

Жетісу облысының Баласаз ауылы - Sputnik Қазақстан
2/6

Жетісу облысының Баласаз ауылы

© Sputnik / Айдана Дайырова

Жетісу облысының Баласаз ауылы

Жетісу облысының Баласаз ауылы - Sputnik Қазақстан
3/6

Жетісу облысының Баласаз ауылы

© Sputnik / Айдана Дайырова

Жетісу облысының Баласаз ауылына апаратын жол

Жетісу облысының Баласаз ауылына апаратын жол - Sputnik Қазақстан
4/6

Жетісу облысының Баласаз ауылына апаратын жол

© Sputnik / Айдана Дайырова

Жетісу облысының Баласаз ауылына апаратын жол

Жетісу облысының Баласаз ауылына апаратын жол - Sputnik Қазақстан
5/6

Жетісу облысының Баласаз ауылына апаратын жол

© Sputnik / Айдана Дайырова

Жетісу облысының Баласаз ауылы

Жетісу облысының Баласаз ауылы - Sputnik Қазақстан
6/6

Жетісу облысының Баласаз ауылы

1/6

Жетісу облысының Баласаз ауылына апаратын жол

2/6

Жетісу облысының Баласаз ауылы

3/6

Жетісу облысының Баласаз ауылы

4/6

Жетісу облысының Баласаз ауылына апаратын жол

5/6

Жетісу облысының Баласаз ауылына апаратын жол

6/6

Жетісу облысының Баласаз ауылы

Күйеуінің ұратынын жасырып келген келіншектің құпиясы қайтыс болғанда бір-ақ белгілі болады. Ауыл мейірбикесі Айзаттың денесі көгеріп жүргенін бұған дейін де көргенін айтқан. Сорақысы құдалар да, күйеу бала да кінәсін мойындамай жүр. Тіпті кешірім де сұрамаған. Марқұмның туыстары бір ай бойы тергеу дұрыс жүрмеді деп отыр. Ал күйеу баланың наша шегетінін сол ауылдың такси жүргізушілері айтып берген көрінеді.
Күдіктінің нағашы ағасы келінін мақтап отыр.

"Айзатты бәріміз жақсы көрдік. Ал оның күйеуі – менің жиенім. Үйдің жалғыз ұлы. Ішкені алдында, ішпегені артында. Бар жағдай жасалған. Әкесі орманшы. Тергеуге беттестіруге барғанымда "Не болды, мынауың не?" деп сұрадым. "Білмеймін" дегеннен басқа жауап жоқ. Ал әке-шешесі әбден діңкелеп, қажып бітті. Атпен сүйреген дегені өтірік, бірақ оңдырмай ұрған. Айбар мұндай ессіз емес еді. Мінезі тып-тыныш, үлкенді сыйлап тұратын, не болғанын білмейміз", - дейді күдіктінің нағашы ағасы Саят Әбдірахманов әлі күнге таңғалып.

Айзат ата-енеге де сыйлы болған. Қайын атасы ауылдық округте дәріхана ашып беріп, сонда жұмыс істеген.
© Sputnik / Айдана Дайырова

Марқұм Айзаттың тұрған үйі

Марқұм Айзаттың тұрған үйі - Sputnik Қазақстан
1/3

Марқұм Айзаттың тұрған үйі

© Sputnik / Айдана Дайырова

Марқұм Айзаттың тұрған үйі

Марқұм Айзаттың тұрған үйі - Sputnik Қазақстан
2/3

Марқұм Айзаттың тұрған үйі

© Sputnik / Айдана Дайырова

Марқұм Айзаттың тұрған үйі

Марқұм Айзаттың тұрған үйі - Sputnik Қазақстан
3/3

Марқұм Айзаттың тұрған үйі

1/3

Марқұм Айзаттың тұрған үйі

2/3

Марқұм Айзаттың тұрған үйі

3/3

Марқұм Айзаттың тұрған үйі

Көршілері Айзаттың қайтыс болғанын ертесі естіген. Түндегі жанжалды білсек, ажыратар едік дейді. Әйтсе де, бір көршісі Айзатты ауруханаға жеткізуге көмектескен. Ол – Нұрсұлтан Тоғызбаев.

"Түнде Айбар келіп "әйелім талып қалды, ауруханаға апарайықшы" деді. Өзі Айзатты үйден көтеріп шықты. Ауылдан сәл шыққанда дөңгелек жарылып, сол жарылған дөңгелекпен ауыл округіне жеттік. Ары қарай Жансүгіров аудан орталығына барсақ, аурухана жабық екен. Содан дереу Талдықорғанға кеттік. Не болды деп сұрамадым. Ешкім ешкіммен сөйлескен жоқ, Айзат қорылдап жатты", - дейді ол.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, жас отбасы үш жыл бұрын үйленген. Екеуі де ес тоқтатып, отызды алқымдағанда шаңырақ көтерген, есеппен емес сезіммен қосылған. Ауылда ешкіммен қақ-соғы жоқ үлгілі отбасы болыпты.
© Sputnik / Айдана Дайырова

Жетісу облысындағы Баласаз ауылы

Жетісу облысындағы Баласаз ауылы - Sputnik Қазақстан
1/3

Жетісу облысындағы Баласаз ауылы

© Sputnik / Айдана Дайырова

Жетісу облысындағы Баласаз ауылы

Жетісу облысындағы Баласаз ауылы - Sputnik Қазақстан
2/3

Жетісу облысындағы Баласаз ауылы

© Sputnik / Айдана Дайырова

Жетісу облысындағы Баласаз ауылы

Жетісу облысындағы Баласаз ауылы - Sputnik Қазақстан
3/3

Жетісу облысындағы Баласаз ауылы

1/3

Жетісу облысындағы Баласаз ауылы

2/3

Жетісу облысындағы Баласаз ауылы

3/3

Жетісу облысындағы Баласаз ауылы

Тергеудің қалай жүріп жатқанын Жетісу облысының полиция департаментінен сұрадық.

"Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізеді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Кінәлілер жауап береді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - дейді ведомстводағылар.

Айзаттың туыстары сот-медициналық сараптамаға да сенбейміз деп отыр. Егер іс әділдік таппаса, мәйіт эксгумациясын жасатпақ.
Жаңалықтар
0