https://sputnik.kz/20260219/turkistanda-er-adam-oz-buyregin-13-mln-tengege-satpaq-bolgan-61286799.html
Түркістанда ер адам өз бүйрегін 13 млн теңгеге сатпақ болған
Түркістанда ер адам өз бүйрегін 13 млн теңгеге сатпақ болған
Sputnik Қазақстан
Ер адам 13 млн теңгеге сатуға келісіп, 5 млн теңге ақша қаражатын қолма-қол алу барысында ұсталған 19.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-19T14:12+0500
2026-02-19T14:12+0500
2026-02-19T14:13+0500
түркістан
донор
қылмыс
https://sputnik.kz/img/785/24/7852486_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_827a6cd72a71f2730a25c0930ca7f082.jpg
АСТАНА, 19 ақпан - Sputnik. Түркістан қаласының тұрғыны өзінің бүйрегін сатпақ болған, деп хабарлайды облыстық сот.Былтыр ақпанда ер адам өзінің бүйрегін сататынын айтып, телеграм арнасына жарнама жасаған.Іс Түркістан қаласының ауданаралық сотында қаралды. Тағылған айып - "Трансплантациялау не өзгедей пайдалану үшін тірі адаманың ағзаларына қатысты заңсыз мәмілелер жасауға оқталу".Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетке ауыр материалдық жағдайы мен ақша қаражатына мұқтаждығы себеп болғанын айтқан."Сот жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс санатына жататынын және зиян келтірілмегенін ескерді. Сотталушы рақымшылық жасау туралы заңға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды", - дейді Түркістан облыстық сотында.Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20260206/almatyda-memleketke-qaytaryluy-tiis-zherdi-zansyz-satpaq-bolgandar-sottaldy-60977250.html
түркістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/785/24/7852486_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_b09d68394500a6f12119e84492506b6f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан, донор, қылмыс
Түркістанда ер адам өз бүйрегін 13 млн теңгеге сатпақ болған
14:12 19.02.2026 (жаңартылды: 14:13 19.02.2026) Ер адам 13 млн теңгеге сатуға келісіп, 5 млн теңге ақша қаражатын қолма-қол алу барысында ұсталған
АСТАНА, 19 ақпан - Sputnik. Түркістан қаласының тұрғыны өзінің бүйрегін сатпақ болған, деп хабарлайды облыстық сот.
Былтыр ақпанда ер адам өзінің бүйрегін сататынын айтып, телеграм арнасына жарнама жасаған.
"Сотталушыдан бүйрегін сатып алмақ болып, ішкі істер органдарының қызметкері жасырын келіседі. Ер адам 13 млн теңгеге сатуға келісіп, 5 млн теңге ақша қаражатын қолма-қол алу барысында ұсталған", - дейді сотта.
Іс Түркістан қаласының ауданаралық сотында қаралды. Тағылған айып - "Трансплантациялау не өзгедей пайдалану үшін тірі адаманың ағзаларына қатысты заңсыз мәмілелер жасауға оқталу".
Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетке ауыр материалдық жағдайы мен ақша қаражатына мұқтаждығы себеп болғанын айтқан.
"Сот жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс санатына жататынын және зиян келтірілмегенін ескерді. Сотталушы рақымшылық жасау туралы заңға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды", - дейді Түркістан облыстық сотында.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.