https://sputnik.kz/20260206/almatyda-memleketke-qaytaryluy-tiis-zherdi-zansyz-satpaq-bolgandar-sottaldy-60977250.html
Алматыда мемлекетке қайтарылуы тиіс жерді заңсыз сатпақ болғандар сотталды
Алматыда мемлекетке қайтарылуы тиіс жерді заңсыз сатпақ болғандар сотталды
Sputnik Қазақстан
Олар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтер енгізген 06.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-06T10:57+0500
2026-02-06T10:57+0500
2026-02-06T11:00+0500
алматы
қылмыс
жер
https://sputnik.kz/img/1165/17/11651732_0:108:1198:782_1920x0_80_0_0_6c6ddb4e02a7cb2fe8f0a1e563b25a48.jpg
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Алматыда заңсыз құжат жасап, мемлекеттік мүлік пен жерді сатпақ болғандар сотталды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.Алматы қаласында мемлекет пайдасына тәркілеуге жататын мүлікті иемдену мақсатында "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтер енгізген топқа қатысты сот үкімі шықты.Тәркілеу мақсатында соттың шешімімен Алматы қаласындағы "Никольский" базары аумағында орналасқан "Nikolsky Investment" ЖШС-не тиесілі жер телімі мен мүлкіне тыйым салынған."Алайда былтыр қыркүйекте Аслан Пухаев, Антон Соловьёв пен Жақсылық Сәрсенбаев "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтер енгізіп, тыйымды заңсыз алып тастауды ұйымдастырған", - дейді қаржылық мониторинг агенттігінде.Кейіннен жалпы құны 2,2 млрд теңге болатын мүлік пен жер телімін әрі қарай сату мақсатында жалған тұлғалардың атына қайта рәсімделген.️ Сот кінәлілерге 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.Үкім заңды күшіне енді. Мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды.
https://sputnik.kz/20260202/shymkentte-audandyq-politsiya-basqarmasynyn-bastygy-sottaldy-60870022.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1165/17/11651732_131:0:1198:800_1920x0_80_0_0_ed3f52240c48f1af4841312eb2643ee3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, қылмыс, жер
Алматыда мемлекетке қайтарылуы тиіс жерді заңсыз сатпақ болғандар сотталды
10:57 06.02.2026 (жаңартылды: 11:00 06.02.2026) Олар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтер енгізген
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Алматыда заңсыз құжат жасап, мемлекеттік мүлік пен жерді сатпақ болғандар сотталды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Алматы қаласында мемлекет пайдасына тәркілеуге жататын мүлікті иемдену мақсатында "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтер енгізген топқа қатысты сот үкімі шықты.
"Бұған дейін Коспаевтың басшылығымен әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталған. Бұл топ "AV-Construction" ЖШС, "Стекольный завод" ЖШС, "Шалқар 17" ЖШС, "Бахар-А" ЖШС және басқа да кәсіпорындарды рейдерлік жолмен басып алған", - дейді агенттікте.
Тәркілеу мақсатында соттың шешімімен Алматы қаласындағы "Никольский" базары аумағында орналасқан "Nikolsky Investment" ЖШС-не тиесілі жер телімі мен мүлкіне тыйым салынған.
"Алайда былтыр қыркүйекте Аслан Пухаев, Антон Соловьёв пен Жақсылық Сәрсенбаев "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтер енгізіп, тыйымды заңсыз алып тастауды ұйымдастырған", - дейді қаржылық мониторинг агенттігінде.
Кейіннен жалпы құны 2,2 млрд теңге болатын мүлік пен жер телімін әрі қарай сату мақсатында жалған тұлғалардың атына қайта рәсімделген.️ Сот кінәлілерге 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді. Мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды.