https://sputnik.kz/20260219/tarazdagy-meditsinalyq-ortalyqtan-qazaqstanda-tirkelmegen-preparattar-anyqtaldy-61281044.html
Тараздағы медициналық орталықтан Қазақстанда тіркелмеген препараттар анықталды
Тараздағы медициналық орталықтан Қазақстанда тіркелмеген препараттар анықталды
Sputnik Қазақстан
Тамшылар мен венаға инъекцияға арналған жабдықтар Үндістан мен Германия өнімі екені белгілі болды 19.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-19T11:32+0500
2026-02-19T11:32+0500
2026-02-19T11:35+0500
тараз
медицина
айыппұл
https://sputnik.kz/img/983/40/9834032_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_b2e8fd27eadeb6c7551dab444252ebdc.jpg
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Сот тіркелмеген медициналық бұйымдарды сақтағаны үшін Тараздағы медициналық орталыққа айыппұл салды, деп хабарлады Жамбыл облыстық соты.Істі Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты қарады.Медициналық нысанның директоры бұл заң бұзушылықты толық мойындап, өкініш білдіріп, бұйымдарды басқа дәріханада сатып алғанын түсіндірді.Еске салайық, заңға қайшы мұндай әрекет үшін қызметті тоқтата тұрып, заттарды тәркілей отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салу көзделген.Сот қаулысымен медициналық нысанға 605 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Медициналық бұйымдар тәркіленді және процедуралық кабинеттің қызметі 10 тәулікке тоқтатылады. Қаулы заңды күшіне енді.
https://sputnik.kz/20260201/astanada-11-meditsinalyq-mekeme-salynady-60845316.html
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/983/40/9834032_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_22139f71dc22c506209755eca93cb979.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, медицина, айыппұл
Тараздағы медициналық орталықтан Қазақстанда тіркелмеген препараттар анықталды
11:32 19.02.2026 (жаңартылды: 11:35 19.02.2026) Тамшылар мен венаға инъекцияға арналған жабдықтар Үндістан мен Германия өнімі екені белгілі болды
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Сот тіркелмеген медициналық бұйымдарды сақтағаны үшін Тараздағы медициналық орталыққа айыппұл салды, деп хабарлады Жамбыл облыстық соты.
Істі Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты қарады.
"Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден және сапаны бағалаудан өтпеген 6 медициналық бұйым медициналық орталығында жоспардан тыс тексеру кезінде анықталған. Тамшылар мен венаға инъекцияға арналған жабдықтар Үндістан мен Германия өнімі екені белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Медициналық нысанның директоры бұл заң бұзушылықты толық мойындап, өкініш білдіріп, бұйымдарды басқа дәріханада сатып алғанын түсіндірді.
Еске салайық, заңға қайшы мұндай әрекет үшін қызметті тоқтата тұрып, заттарды тәркілей отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салу көзделген.
Сот қаулысымен медициналық нысанға 605 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Медициналық бұйымдар тәркіленді және процедуралық кабинеттің қызметі 10 тәулікке тоқтатылады.