https://sputnik.kz/20260201/astanada-11-meditsinalyq-mekeme-salynady-60845316.html
Астанада 11 медициналық мекеме салынады
Астанада 11 медициналық мекеме салынады
Sputnik Қазақстан
Олардың қатарында республикалық орталықтар, көпсалалы ауруханалар, емханалар және қосалқы жедел жәрдем станциялары бар 01.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-01T21:15+0500
2026-02-01T21:15+0500
2026-02-01T21:17+0500
астана
емхана
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0f/40975047_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_3952a842d8e875307c6a30368cec1b6a.jpg
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында салынып жатқан медициналық нысандар туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты."Соңғы 10 жылда елордада босану саны 35%-ға артты, соның салдарынан қалалық акушерлік стационарлар шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеп келеді. Осы мәселені шешу үшін қалада әрқайсысы 250 орынға арналған екі перинаталдық орталық салынатын болады.Алғашқы перинаталдық орталық "Самұрық-Қазына" АҚ қаражаты есебінен салынады.Қазіргі уақытта құрылыс жұмысы жүріп жатыр, нысанды 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған.Екінші перинаталдық орталық бойынша биыл жобалау жұмысын аяқтау, ал нысанды 2028 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.Жедел медициналық жәрдемді дамыту аясында жақын уақытта №2 қалалық көпбейінді аурухана жанындағы қабылдау-диагностикалық кешенінің құрылысы аяқталады.Бұл жедел медициналық жәрдемнің қолжетімділігі мен көрсетілу жылдамдығының артуына мүмкіндік беріп, стационарлық көмектің флагманына айналады.Сол сияқты "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ қолдауымен Сарыарқа ауданындағы №3 жаңа көпбейінді қалалық аурухананың жобалау жұмысы жалғасып жатыр.Балаларға көрсетілетін жедел медициналық көмекке ерекше назар аударылады. 2026 жылдың 15 ақпанына дейін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының базасында Нұра және Есіл аудандары үшін балаларға арналған травматологиялық пункт жұмысын бастайды. Бұл оң жағалауда орналасқан қолданыстағы балалар травмпунктіне түсетін жүктемені едәуір азайтып, балаларға арналған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20260122/qazaqstanda-4-iri-farmatsevtikalyq-zauyt-salynady-60592223.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0f/40975047_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_d96bf8a9f1243a1f842d2079768312fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, емхана, құрылыс
Астанада 11 медициналық мекеме салынады
21:15 01.02.2026 (жаңартылды: 21:17 01.02.2026) Олардың қатарында республикалық орталықтар, көпсалалы ауруханалар, емханалар және қосалқы жедел жәрдем станциялары бар
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында салынып жатқан медициналық нысандар туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің
ресми сайты.
"Соңғы 10 жылда елордада босану саны 35%-ға артты, соның салдарынан қалалық акушерлік стационарлар шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеп келеді. Осы мәселені шешу үшін қалада әрқайсысы 250 орынға арналған екі перинаталдық орталық салынатын болады.
Алғашқы перинаталдық орталық "Самұрық-Қазына" АҚ қаражаты есебінен салынады.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмысы жүріп жатыр, нысанды 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған.
Екінші перинаталдық орталық бойынша биыл жобалау жұмысын аяқтау, ал нысанды 2028 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Жедел медициналық жәрдемді дамыту аясында жақын уақытта №2 қалалық көпбейінді аурухана жанындағы қабылдау-диагностикалық кешенінің құрылысы аяқталады.
Бұл жедел медициналық жәрдемнің қолжетімділігі мен көрсетілу жылдамдығының артуына мүмкіндік беріп, стационарлық көмектің флагманына айналады.
Сол сияқты "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ қолдауымен Сарыарқа ауданындағы №3 жаңа көпбейінді қалалық аурухананың жобалау жұмысы жалғасып жатыр.
Жалпы алғанда, елордада денсаулық сақтау саласына қатысты 11 жаңа нысанның құрылысы көзделген. Олардың қатарында республикалық орталықтар, көпсалалы ауруханалар, емханалар және қосалқы жедел жәрдем станциялары бар", – деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Балаларға көрсетілетін жедел медициналық көмекке ерекше назар аударылады. 2026 жылдың 15 ақпанына дейін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының базасында Нұра және Есіл аудандары үшін балаларға арналған травматологиялық пункт жұмысын бастайды. Бұл оң жағалауда орналасқан қолданыстағы балалар травмпунктіне түсетін жүктемені едәуір азайтып, балаларға арналған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.