https://sputnik.kz/20260219/memleket-basshysy-qazaqstan-khalqyn-ramazan-ayynyn-bastaluymen-quttyqtady-61274664.html
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
Sputnik Қазақстан
Ораза азаматтарды шыдамдылық пен төзімділікке шақырып, халқымыздың бойына қарапайымдылық, жауапкершілік және адалдық сынды асыл қасиеттерді сіңіреді 19.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-19T08:26+0500
2026-02-19T08:26+0500
2026-02-19T09:39+0500
президент
ораза
құттықтау
https://sputnik.kz/img/07e6/04/08/24077578_3:0:3000:1686_1920x0_80_0_0_378eafa0d47680c87a063ae3d55ea402.jpg
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.Қасым- Жомарт Тоқаев оразаның рухани құндылықтарын қазір әлемде болып жатқан күрделі ахуалды ескере отырып, кемел санамен қабылдау, оның түпкі мағынасын дұрыс түсіну – үлкен имандылықтың белгісі екенін айтты."Бүгінде Қазақстан ауқымды өзгерістердің, түбегейлі жаңғырудың тарихи кезеңіне қадам басты. Жаңа халықтық Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды. Бұл өрлеу және әділеттілік даңғылына түскен мемлекетіміздің даму бағытын айқындайтын Негізгі Заң болады. Бас құжат мыңдаған жыл тарихы бар мемлекеттілігімізді одан әрі нығайтуға, еліміздегі саяси, азаматтық, экономикалық институттардың тиімділігін арттыруға және адам құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіріп, күшейтуге жол ашады", - деді мемлекет басшысы.Тоқаев Қазақстан халқы дәстүрлі рухани-мәдени құндылықтарымызды қастерлей отырып, Құқық пен Заң үстемдігі, Тәртіп пен Тазалық, Әділдік пен Отаншылдық сияқты мызғымас қағидаттарды терең түсінетін әрі мүлтіксіз сақтайтын ұлттың жаңа болмысын қалыптастырып жатқанын айтты.
https://sputnik.kz/20260219/qasietti-ramazan-ayy-bastaldy-61258342.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/08/24077578_415:0:2663:1686_1920x0_80_0_0_8e07b05d67ab2aed7edbd180376a7320.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, ораза, құттықтау
президент, ораза, құттықтау
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
08:26 19.02.2026 (жаңартылды: 09:39 19.02.2026) Ораза азаматтарды шыдамдылық пен төзімділікке шақырып, халқымыздың бойына қарапайымдылық, жауапкершілік және адалдық сынды асыл қасиеттерді сіңіреді
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
"Бұл – дүние жүзіндегі миллиардтаған жанды рухани тазаруға, жақынына жанашыр әрі қамқор болуға үндейтін мезгіл. Ораза азаматтарды шыдамдылық пен төзімділікке шақырып, халқымыздың бойына қарапайымдылық, жауапкершілік және адалдық сынды асыл қасиеттерді сіңіреді", - деді президент.
Қасым- Жомарт Тоқаев оразаның рухани құндылықтарын қазір әлемде болып жатқан күрделі ахуалды ескере отырып, кемел санамен қабылдау, оның түпкі мағынасын дұрыс түсіну – үлкен имандылықтың белгісі екенін айтты.
"Бүгінде Қазақстан ауқымды өзгерістердің, түбегейлі жаңғырудың тарихи кезеңіне қадам басты. Жаңа халықтық Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды. Бұл өрлеу және әділеттілік даңғылына түскен мемлекетіміздің даму бағытын айқындайтын Негізгі Заң болады. Бас құжат мыңдаған жыл тарихы бар мемлекеттілігімізді одан әрі нығайтуға, еліміздегі саяси, азаматтық, экономикалық институттардың тиімділігін арттыруға және адам құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіріп, күшейтуге жол ашады", - деді мемлекет басшысы.
Тоқаев Қазақстан халқы дәстүрлі рухани-мәдени құндылықтарымызды қастерлей отырып, Құқық пен Заң үстемдігі, Тәртіп пен Тазалық, Әділдік пен Отаншылдық сияқты мызғымас қағидаттарды терең түсінетін әрі мүлтіксіз сақтайтын ұлттың жаңа болмысын қалыптастырып жатқанын айтты.
"Мұның бәрі қасиетті Рамазан айының мәңгілік ұлағатымен толық үндеседі. Білімге, тазалыққа және жақсылыққа бастайтын өркениетті қоғамда Рамазан айы жаңа рухани мәнге ие болып, барша жұртқа шапағатын тигізетіні сөзсіз. Қасиетті Рамазан құтты болсын, мұсылман жамағаты!", - деді президент.