Қасиетті Рамазан айы басталды

© Sputnik / Санат ИмангалиевПраздничный Ораза айт намаз в Центральной мечети Астаны
Праздничный Ораза айт намаз в Центральной мечети Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2026
Жазылу
Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 19 наурызда аяқталады
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Барша мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы басталды.
Рамазан - айлардың сұлтаны. Бір жылда бір келетін бұл айда Алладан үмітін үзбеген пенде біткен құлшылық жасау керек. Рамазан айында жасалған барлық сауапты іс жер бетін иманға, жақсылыққа, нұрға бөлейді деген мұсылмандық наным бар. Бұл кезеңде мүміндер 29-30 күн бойы таңнан күн батқанға дейін ораза ұстайды. Пендешілік нәпсіні тыйып, рухани тазарады, қайырымдылық амалдар жасайды.
Рамазандағы ауызашар - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2026
Қасиетті Рамазан айы: ораза кестесі бекітілді
Рамазан айы - ренішті кешіріп, адамдардың бір-біріне деген сыйластығына жол ашатын ай. Рамазан айында ауыз аштырып, садақа берсе, Құран оқытып, дұға жасаса сауабы мол болады.

Ораза кімдерге парыз

Шариғат бойынша балиғат жасына келген, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз. Алайда қасиетті айда ораза тұтуды кей жандарға кейінге қалдыруға рұқсат етіледі. Олар:
жолаушылар;
науқас адамдар;
жүкті немесе бала емізетін әйелдер.
Аяғы ауыр және бала емізетін әйелдер өзінің және балаларының денсаулығы үшін қауіптенсе, ораза тұтпауына болады. Бірақ кейін қазасын өтеуі керек.

Оразаны не бұзады

ораза ұстағанын біле тұра ішіп-жеу;
темекі тарту, насыбай ату, дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау;
аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту;
ерлі-зайыптылардың жақындасуы (яғни, таң намазынан ақшам намазына дейін жақындасу оразаны бұзады);
себепсіз қорек немесе қоректік қасиеті бар барлық затты әдейілеп жеу.
Мұндай жағдайларда каффарат оразасын ұстау қажет.
Каффарат дегеніміз – Рамазан айының оразасын себепсізден-себепсіз бұзып жіберген жағдайда екі ай ораза ұстау, егер оған шамасы келмесе алпыс кедейді тамақтандыру.

Сәресі мен ауызашарда айтылатын дұға

Ораза ұстауға ниет еткен мұсылмандар сәресіде: "Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын таң атқаннан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім", - деп айтуы керек.
Ал ауызашар кезде "Жаратушы ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім. Сен берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Уа, Кешірімді Алла! Менің өткен және келешек күнәларымды кешіре көр!" деген дұға айтылады.

Қадір түні мен Ораза айт қашан болады

Барша мұсылман Рамазан айын асыға күтеді. Бұл айда адамдар сауапты іске, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға, үлкендердің батасы мен алғысын алуға ұмтылады. Себебі Рамазан – тәрбие мен тағылым, мейірім мен кешірім айы. Осы айда мың айдан да қайырлы Қадір түні келеді.
Рамазан айы 19 наурызға дейін жалғасады.
Қадір түні - 16 наурыздан 17 наурызға қараған түн;
Ораза айт мерекесі - 20 наурыз.
Айта кетері, Ораза айтта демалыс берілмейді. Биыл бұл діни мереке жұмаға түсіп тұр.
Ал Құрбан айт 27 мамырда басталып, үш күнге созылады. Сәйкесінше, айт алдындағы арапа - 26 мамыр.
Мешіт - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2026
Рамазан - 2026: мүфтият пітір садақаның мөлшерін жариялады
Жаңалықтар
0