Балқашта көпқабатты үйдің кіреберісі опырылып құлады

© Photo : Акимат города БалхашПодъезд обрушился в одном из домов в городе Балхаш
Подъезд обрушился в одном из домов в городе Балхаш - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2026
Жазылу
Подъезд тұрғындары алдын ала көшірілген
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Қарағанды облысы Балқаш қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып құлады. Зардап шеккендер жоқ.
19 ақпанда шамамен таңғы сағат сегізде Қараменде би көшесінде орналасқан тұрғын үйдің бір бөлігі құлады.
© Photo : Акимат города БалхашБалқашта көпқабатты үйдің кіреберісі опырылып құлады
Подъезд обрушился в одном из домов в городе Балхаш - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2026
Балқашта көпқабатты үйдің кіреберісі опырылып құлады
"Бұл тұрғын үй бұрын апатты деп танылып, бұзуға жатқызылған, қазіргі уақытта пайдаланылмайтын кіреберісінің бір бөлігі құлады. Бұл кіреберісте ешкім тұрмаған. Зардап шеккендер жоқ", - дейді облыстық әкімдік.
Құлаған кіреберіс жүргізілген техникалық қорытынды мен құрылыс сараптамасының негізінде апатты деп танылған.
"5-кіреберістің тұрғындары алдын ала қоныс аударылып, пәтерлері тұруға жарамсыз деп танылғандықтан, заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде есепке қойылғаннын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Апат болмас бұрын ғимарат қоршауға алынып, кіруге шектеу қойылды. Инженерлік коммуникациялар - электр, жылу, су жүйелері белгіленген тәртіппен ажыратылған.
© Photo : Акимат города БалхашБалқашта көпқабатты үйдің кіреберісі опырылып құлады
Подъезд обрушился в одном из домов в городе Балхаш - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2026
Балқашта көпқабатты үйдің кіреберісі опырылып құлады
Қазіргі уақытта құрылыс және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, 5-кіреберісті демонтаждау жұмыстары жүргізілуде. Демонтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін қалған 4 кіреберісте қосымша техникалық тексеру және құрылыс сараптамасы жүргізіледі.
Алдағы уақытта қалған кіреберістер конструкцияларын күшейту бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттама белгіленген тәртіппен әзірленеді.
Атырау облысында салынып жатқан мектептің төбесі опырылып түсті - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2025
Атырау облысында салынып жатқан мектептің төбесі опырылып түсті
Жаңалықтар
0