Тоқаев жұмыс сапарымен АҚШ-қа барады

© Sputnik / Игорь НаймушинКапитолий ғимараты
Капитолий ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2026
Жазылу
Мемлекет басшысы Вашингтонда Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысады
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Ақорда.
"18-19 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады", - деп жазылған хабарламада.
Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады.
Сонымен қатар сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Президент Владимир Путин встретился с президентом Казахстана Касымом-Жомартом Токаевым - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2026
Саясат
Тоқаев Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын растады
Жаңалықтар
0