https://sputnik.kz/20260216/toqaev-pen-putin-ne-turaly-soylesti-61211694.html
Тоқаев Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын растады
Тоқаев Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын растады
Sputnik Қазақстан
Владимир Путин мамыр айының соңында Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді 16.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-16T16:23+0500
2026-02-16T16:23+0500
2026-02-16T16:27+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
владимир путин
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/0a/57776675_0:161:3090:1899_1920x0_80_0_0_45bb4b7d8bda2a47fb468b58f976f93d.jpg
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин телефон арқылы әңгімелесу барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты, деп хабарлады Ақорда.Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Ресей сан қырлы қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын достық әрі өзара сенім сипатында талқылады.Ал Кремльдің баспасөз қызметі Владимир Путин мамыр айының соңында Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысатынын растағанын жазды.Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентін осы іс-шара аясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырған."Шақыру ризашылықпен қабыл алынды", - делінген хабарламада.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/0a/57776675_359:0:3090:2048_1920x0_80_0_0_0b541b77ae46c0a0e6c0db300735f8cf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, владимир путин
қасым-жомарт тоқаев, владимир путин
Тоқаев Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын растады
16:23 16.02.2026 (жаңартылды: 16:27 16.02.2026) Владимир Путин мамыр айының соңында Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин телефон арқылы әңгімелесу барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Ресей сан қырлы қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын достық әрі өзара сенім сипатында талқылады.
"Президенттер жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету жұмыстарына оң баға беріп, бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын ілгерілетудің маңызына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады", - деп жазылған хабарламада.
Ал Кремльдің баспасөз қызметі Владимир Путин мамыр айының соңында Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысатынын растағанын жазды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентін осы іс-шара аясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырған.
"Шақыру ризашылықпен қабыл алынды", - делінген хабарламада.