Елде қолданысқа берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 42,4%-ға артты

© Photo : Александр Куприенко / сайт акимата Нур-СултанаТұрғын үй кешені
Тұрғын үй кешені - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2026
Жазылу
Ол 1 091 мың шаршы метрді құрады
АСТАНА, 18 ақпан - Sputnik. Ұлттық статистика бюросы елдегі құрылыс жұмыстарына қатысты деректерді жариялады.
2026 жылдың қаңтарында құрылыс жұмыстарының көлемі 14,4% ұлғайып, 172 млрд теңгені құрады. Құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы тұрғын үйлер мен ғимараттар салу және жөндеу жұмыстарының өсуімен байланысты болып отыр. Олар сәйкесінше 2,2 есе мен 57,8%-ға ұлғайған.
"Орындалған құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша негізгі үлес автомобиль, темір жол және метро ( жұмыстардың барлық көлемінің 30,1%-ы), тұрғын емес ғимараттар (19,2%) және тұрғын ғимараттар (11,4%) құрылысы жұмыстарына тиесілі", +- деп жазылған хабарламада.
Елде 2026 жылдың қаңтарында пайдалануға берілген жаңа нысандардың жалпы алаңы 1291,8 мың шаршы метрді құрады.
Оның ішінде қолданысқа берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы бір жылда 42,4% көбейіп, 1 091 мың шаршы метрді құрады. Ондағы 727,6 мың шаршы метр – көп пәтерлі және 359,8 мың шаршы метр жеке үйлерге қатысты.
Депутаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2026
Депутаттар жаңа тұрғын үй бағдарламасын қабылдауды ұсынды
Жаңалықтар
0