https://sputnik.kz/20260204/deputattar-zhana-turgyn-uy-bagdarlamasyn-qabyldaudy-usyndy-60906426.html
Депутаттар жаңа тұрғын үй бағдарламасын қабылдауды ұсынды
Депутаттар жаңа тұрғын үй бағдарламасын қабылдауды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Мемлекет есебінен салынатын тұрғын үйлерді әлеуметтік санаттар бойынша бөліп отыру қажет 04.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-04T11:09+0500
2026-02-04T11:09+0500
2026-02-04T11:12+0500
ауыл
депутат
баспана
https://sputnik.kz/img/07e7/05/19/35249725_0:73:3382:1975_1920x0_80_0_0_ff9a6280b564c8e76548c130b2c810c4.jpg
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Мәжілістегі "Ауыл" фракциясының депутаттары жаңа тұрғын үй бағдарламасын қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Ерболат Саурықовтың айтуынша, ауылда баспана болмағаннан кейін халық қалаға көшуге мәжбүр. Оны ауыл тұрғындары да айтып жатыр.Осы орайда депутат Қызылорда облысын мысалға келтірді. Ол жақта қалада тұрғын үй көп салынған сайын ауылдан жастардың қалаға көшу көрсеткіші де өсетінін байқаған. Осыдан кейін орталықта емес, ауыл-аймақтарда үй салуға басымдылық беріле бастады. Соның нәтижесінде соңғы 3 жылда барлық аудандарында жаңа тұрғын үйлер салынып, алғаш рет 1800-ге жуық пәтер пайдалануға берілген. Биыл 3600 пәтерлік тұрғын үйлер салуға бюджеттен тағы 58,7 млрд теңге бөлінді."Осыған байланысты "Ауыл" фракциясы ауылдық елді мекендерге арналған тұрғын үй салуға тікелей бағытталған жеке мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынады. Аталған бағдарлама "Ауыл – Ел бесігі" жобасын толықтырып, ауылда тұрақты өмір сүруге нақты жағдай жасауға бағытталуы тиіс", - деді Саурықов.Оның ойынша, мемлекет есебінен салынатын тұрғын үйлерді әлеуметтік санаттар бойынша бөліп отыру қажет. Атап айтқанда, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, жас отбасыларға, ауылға көшіп келгісі келетін азаматтарға арналған жеке қолдау тетіктерін қарастыруға болады.Сондай-ақ депутат ауылда жұмыс істеп, тұрмысын жақсартқысы келетін жастар мен жас отбасыларды қолдауға арналған "Туған жер, туған ел, өз ауылым" секілді арнайы жобаларды енгізу керек деп санайды.
https://sputnik.kz/20260116/temirzholshylarga-arnap-turgyn-uy-salynady-60451919.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/19/35249725_327:0:3056:2047_1920x0_80_0_0_768f47fcc3f4e43492acf84fd686f28e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл, депутат, баспана
Депутаттар жаңа тұрғын үй бағдарламасын қабылдауды ұсынды
11:09 04.02.2026 (жаңартылды: 11:12 04.02.2026) Мемлекет есебінен салынатын тұрғын үйлерді әлеуметтік санаттар бойынша бөліп отыру қажет
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Мәжілістегі "Ауыл" фракциясының депутаттары жаңа тұрғын үй бағдарламасын қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Ерболат Саурықовтың айтуынша, ауылда баспана болмағаннан кейін халық қалаға көшуге мәжбүр. Оны ауыл тұрғындары да айтып жатыр.
"Ал "Ауыл – Ел бесігі" жобасы аясында инфрақұрылымды дамытуға басымдық берілгенімен, ауылдық жерлерде тұрғын үй салуға тікелей бағытталған жеке мемлекеттік бағдарлама әлі күнге дейін қалыптастырылмаған. Қолданыстағы бағдарламалар негізінен инженерлік инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарды қамтиды, ал тұрғын үй мәселесі жүйелі түрде шешілмей отыр", - деді Саурықов мәжілістің бүгінгі отырысында.
Осы орайда депутат Қызылорда облысын мысалға келтірді. Ол жақта қалада тұрғын үй көп салынған сайын ауылдан жастардың қалаға көшу көрсеткіші де өсетінін байқаған. Осыдан кейін орталықта емес, ауыл-аймақтарда үй салуға басымдылық беріле бастады. Соның нәтижесінде соңғы 3 жылда барлық аудандарында жаңа тұрғын үйлер салынып, алғаш рет 1800-ге жуық пәтер пайдалануға берілген. Биыл 3600 пәтерлік тұрғын үйлер салуға бюджеттен тағы 58,7 млрд теңге бөлінді.
"Осыған байланысты "Ауыл" фракциясы ауылдық елді мекендерге арналған тұрғын үй салуға тікелей бағытталған жеке мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынады. Аталған бағдарлама "Ауыл – Ел бесігі" жобасын толықтырып, ауылда тұрақты өмір сүруге нақты жағдай жасауға бағытталуы тиіс", - деді Саурықов.
Оның ойынша, мемлекет есебінен салынатын тұрғын үйлерді әлеуметтік санаттар бойынша бөліп отыру қажет. Атап айтқанда, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, жас отбасыларға, ауылға көшіп келгісі келетін азаматтарға арналған жеке қолдау тетіктерін қарастыруға болады.
Сондай-ақ депутат ауылда жұмыс істеп, тұрмысын жақсартқысы келетін жастар мен жас отбасыларды қолдауға арналған "Туған жер, туған ел, өз ауылым" секілді арнайы жобаларды енгізу керек деп санайды.