Баласын батареяға байлап ұрған әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Батарея
Батарея - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2026
Жазылу
Сараптама әйелдің бұл әрекетті жасаған кезде өз әрекеттерінің нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсіне алмағанын немесе оларды басқара алмағанын анықтады
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Жетісу облысы Жаркент қаласында баласын аяусыз соққыға жыққан әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық сот.
Істі Панфилов аудандық соты қарады. Оған Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы "Кәмелетке толмағанды қасақана азаптау" бойынша айып тағылды.
"Кәмелетке толмаған бала жуынатын бөлмеде суды ашық қалдырған, соның салдарынан жуынатын бөлмені су басқан. Мұны байқаған анасы баласын жылыту батареясына байлап, бірнеше рет соққан", - дейді сотта.
Әкесі үйге келгеннен кейін баланы ауруханаға жеткізген. Балаға оң жақ маңдай-самай аймағы мен арқасының соғылуы және теріасты гематомалары диагнозы қойылған.
Баланың анасының туа біткен ақыл-ой кемістігі болған. Сараптама әйелдің бұл әрекетті жасаған кезде өз әрекеттерінің нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсіне алмағанын немесе оларды басқара алмағанын анықтады. Сондай-ақ оның психикалық жағдайына байланысты сот процесіне қатыса алмайтыны және өзіне әрі айналасындағыларға қауіп төндіретіні көрсетілген.
"Сот әйелді қылмыстық жауаптылықтан босатып, оған жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолданды", - дейді облыстық сотта.
Балалар, оның ішінде жәбірленуші бала, Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасының мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды.
Еске сала кетейік, оқиға 18 қаңтарда болған. Әйел 4 жастағы баласын батареяға байлап қойып соққыға жыққан.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2026
Таразда әйел баласын ұрған сәтті видеоға түсірген
Жаңалықтар
0