https://sputnik.kz/20260119/ata-anasy-esepte-turgan-zharkentte-balasyn-ayausyz-urgan-ayelge-qatysty-tyn-aqparat-shyqty-60525826.html
"Ата-анасы есепте тұрған": Жаркентте баласын аяусыз ұрған әйелге қатысты тың ақпарат шықты
"Ата-анасы есепте тұрған": Жаркентте баласын аяусыз ұрған әйелге қатысты тың ақпарат шықты
Sputnik Қазақстан
Ерлі-зайыптының жеңіл ақыл-ой кемістігі, жеңіл зерде бұзылысы диагнозы болған 19.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-19T16:38+0500
2026-01-19T16:38+0500
2026-01-19T16:38+0500
жетісу облысы
ұрып-соғу
бала
ана мен бала
бала құқығы
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0d/18114054_0:139:1280:859_1920x0_80_0_0_f0faccc0e245ea14e14a1373b28a9bf4.jpg
АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Жетісу облысы Жаркент қаласында баласын аяусыз ұрған әйел диспансерлік есепте тұрған. Желіні шулатқан оқиға туралы Sputnik Қазақстан тілшісі білді.Баласына қатігездік танытқан әйел 28 жаста. Ал күйеуі 30-да. Екеуі де Жаркент қаласының облыстық №4 арнайы мектеп-интернатында тәрбиеленген. Әйел ата-анасынан жетім, ал күйеуі ата-ана қамқорлығынсыз қалған.Жергілікті әкімдік балалардың әкесімен психологиялық тұрғыда әңгімелесіп, балалармен сергіту және дамытушы ойындар ұйымдастырған.Балалардың бірі 4, екіншісі 2 жаста. Олар Жаркенттегі "Жанұя" отбасылық қолдау орталығына орналастырылды.Баласын соққан әйелге қылмыстық іс қозғалды."Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қамқоршылық және қорғаншылық органының атына ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарау туралы тиісті ұсыныс жолданады", - дейді Жетісу облыстық полиция департаменті.Балалар құқын қорғау комитеті де бұл жағдайды назарда ұстап отырмыз дейді.
жетісу облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0d/18114054_0:0:1160:870_1920x0_80_0_0_84d7f4fbf6679d0ff2e63dd1ec61639c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетісу облысы, ұрып-соғу, бала, ана мен бала, бала құқығы
жетісу облысы, ұрып-соғу, бала, ана мен бала, бала құқығы
"Ата-анасы есепте тұрған": Жаркентте баласын аяусыз ұрған әйелге қатысты тың ақпарат шықты
Ерлі-зайыптының жеңіл ақыл-ой кемістігі, жеңіл зерде бұзылысы диагнозы болған
АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Жетісу облысы Жаркент қаласында баласын аяусыз ұрған әйел диспансерлік есепте тұрған. Желіні шулатқан оқиға туралы
Sputnik Қазақстан тілшісі білді.
Баласына қатігездік танытқан әйел 28 жаста. Ал күйеуі 30-да. Екеуі де Жаркент қаласының облыстық №4 арнайы мектеп-интернатында тәрбиеленген. Әйел ата-анасынан жетім, ал күйеуі ата-ана қамқорлығынсыз қалған.
"Ерлі-зайыптының жеңіл ақыл-ой кемістігі, жеңіл зерде бұзылысы диагнозы болған. Психоневрологиялық диспансерлік есепте тұрады. Бұл отбасыны полиция қызметкері 18 қаңтар күні түнгі сағат 23:30 шамасында Отбасын қолдау орталығына жеткізді. Балалар медициналық тексеруден өткізілді. Анасы полиция бөлімшесінде қалды", - дейді қалалық әкімдік.
Жергілікті әкімдік балалардың әкесімен психологиялық тұрғыда әңгімелесіп, балалармен сергіту және дамытушы ойындар ұйымдастырған.
Балалардың бірі 4, екіншісі 2 жаста. Олар Жаркенттегі "Жанұя" отбасылық қолдау орталығына орналастырылды.
"Балалар қорқып, жасқанған жоқ. Ойнап кетті. Анасының көзінше өздерін қалай ұстайтынын білмедік, бізге келгенде еш мінез-құлық көрсетпеді", - дейді орталық мамандары.
Баласын соққан әйелге қылмыстық іс қозғалды.
"Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қамқоршылық және қорғаншылық органының атына ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарау туралы тиісті ұсыныс жолданады", - дейді Жетісу облыстық полиция департаменті.
Балалар құқын қорғау комитеті де бұл жағдайды назарда ұстап отырмыз дейді.