Ақтөбе облысында прокуратура қызметкері ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинПрокурор, архивтегі фото
Прокурор, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлық қызметі прокуратура қызметкерін ұстады, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Прокурор 17 ақпанда ұсталған.
"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық аппараты мен Бас прокуратураның өзіндік қауіпсіздік департаменті бірлесіп, Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкерін ұстады", - дейді прокуратура.
Әлеуметтік желіде прокурор ірі көлемде пара алған деген ақпарат тарады. Ол облыс аудандарының бірінде болған қылмыстық істі тоқтатуға уәде берген.
Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2025
Рудныйда прокурор қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды
Жаңалықтар
0