Түркістан облысының тұрғыны әжесінің үйін үптеп кеткен

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуПәтер ұрлығы
Пәтер ұрлығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2026
Жазылу
Әжейге 7 млн теңге шығын келген
АЛМАТЫ, 16 ақпан – Sputnik. Түркістан облысының тұрғыны әжесінің үйіне ұрлыққа түскен, деп хабарлайды Polisia.kz.
Сауран ауданында полиция қызметкерлері пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні анықтады.
"Күдікті жігіт жәбірленушінің немересі болып шықты. Ол үйде ешкім жоқ сәтті пайдаланып, сейфті бұзып, ішінен 3 млн теңгеге жуық ақша мен алтын бұйымдарды жымқырған. Жалпы шығын 7 млн теңгеге жуық", - дейді полиция.
Күдікті ұрлаған бұйымдарды алтын сататын дүкендердің біріне өткізіп жіберген. Әжесінің үйіне түскен тұрғынның мәселесі енді сотта қаралады.
Кража, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2024
Үйді бірге жалдап тұрған: Астанада жас жігіт көршісінің бөлмесіне ұрлыққа түсті
Жаңалықтар
0