https://sputnik.kz/20240814/uydi-birge-zhaldap-turgan-astanada-zhas-zhigit-korshisinin-bolmesine-urlyqqa-tusti-46285004.html
Үйді бірге жалдап тұрған: Астанада жас жігіт көршісінің бөлмесіне ұрлыққа түсті
Үйді бірге жалдап тұрған: Астанада жас жігіт көршісінің бөлмесіне ұрлыққа түсті
Sputnik Қазақстан
Кешке жұмыстан келген уақытта ерлі-зайыпты құнды алтын бұйымдарының жоғалғанын байқаған 14.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-14T09:33+0500
2024-08-14T09:33+0500
2024-08-14T09:33+0500
ұрлық
https://sputnik.kz/img/1260/18/12601845_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_d3dedae5b4d034f915c355a5b17e1c4f.jpg
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Астанада полицейлер пәтерді бірге жалдап тұрған көршісінің алтындарын ұрлаған жігітті ұстады, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.Жәбірленуші күйеуімен бірге төрт бөлмелі пәтердің бөлмесін жалға алған, қалған бөлмелерінде басқа да жалға алушылар тұрған. Кешке жұмыстан келген уақытта ерлі-зайыпты құнды алтын бұйымдарының жоғалғанын байқаған.19 жастағы азамат күндізгі уақытта ерлі-зайыптының жұмыста болғанын пайдаланып, бөлмеден алтын білезік пен алқаны ұрлағанын мойындады.Полицейлер күдікті ұрланған зергерлік бұйымдарды ломбардқа өткізгенін анықтады.Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақтар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/18/12601845_250:0:1750:1125_1920x0_80_0_0_ec94a76d99e8363d3e31b9f8d7e4d437.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұрлық
Үйді бірге жалдап тұрған: Астанада жас жігіт көршісінің бөлмесіне ұрлыққа түсті
Кешке жұмыстан келген уақытта ерлі-зайыпты құнды алтын бұйымдарының жоғалғанын байқаған
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Астанада полицейлер пәтерді бірге жалдап тұрған көршісінің алтындарын ұрлаған жігітті ұстады, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
Жәбірленуші күйеуімен бірге төрт бөлмелі пәтердің бөлмесін жалға алған, қалған бөлмелерінде басқа да жалға алушылар тұрған. Кешке жұмыстан келген уақытта ерлі-зайыпты құнды алтын бұйымдарының жоғалғанын байқаған.
"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында "Алматы" ауданы ПБ полицейлері ұрлықты аталған пәтерде тұратын көршілердің бірі жасағанын анықтады", - деп жазылған хабарламада.
19 жастағы азамат күндізгі уақытта ерлі-зайыптының жұмыста болғанын пайдаланып, бөлмеден алтын білезік пен алқаны ұрлағанын мойындады.
Полицейлер күдікті ұрланған зергерлік бұйымдарды ломбардқа өткізгенін анықтады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақтар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.