Күрделі есептерді шығарады: Түркістан облысында 4 жасар бала мектепке барып жүр

© Photo : Түркістан облысының әкімдігіТүркістан облысында 4 жасар бала мектепке барып жүр
Түркістан облысында 4 жасар бала мектепке барып жүр - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2026
Жазылу
Баланың ойлау қабілеті ересектерді таңғалдырумен келеді
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Алтынтөбе ауылында нағыз вундеркинд өсіп келеді, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Әли Адамбек есімді бала небәрі 4 жасында мектеп табалдырығын аттаған. Бойы тақтаға әрең жеткенімен, ойлау қабілеті ересектерді таңғалдырумен келеді.
Зерек бала екі таңбалы, тіпті үш таңбалы сандарды ойша есептеп, көбейту амалдарын ағылшын тілінде еркін орындайды екен.
Бүгінде Әли дайындық сыныбында оқиды.
"Алтынтөбе" орта мектебінің мұғалімі Әлия Миятбекованың айтуынша, 4 жасар бүлдіршін тіпті 5-6 сынып оқушылары шеше алмайтын күрделі есептерді шығарып, көпшілікті қайран қалдырып жүр.
"Басқа балалар мультфильм көрсе, Әли ағылшын тіліндегі математикалық контенттерді қызығып тамашалайды. Ұйықтар алдында ертегі тыңдаудың орнына, жарты сағат бойы есеп шығарып, көбейту кестесін айтуды өтінеді", - дейді анасы Нұргүл Мырзағали.
Әли әліппені де толық меңгерген, ендігі мақсаты – ағылшын тілінде жазуын жетілдіру, деп жазды әкімдік.
Маңғыстаулық оқушы минутына 17 мың сөз оқиды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2025
"Бір күнде екі кітап оқимын": Маңғыстаулық оқушы минутына 17 мың сөз оқиды
Жаңалықтар
0