https://sputnik.kz/20250605/bir-kunde-eki-kitap-oqimyn-mangystaulyq-oqushy-minutyna-17-myn-soz-oqidy-54311574.html
"Бір күнде екі кітап оқимын": Маңғыстаулық оқушы минутына 17 мың сөз оқиды
"Бір күнде екі кітап оқимын": Маңғыстаулық оқушы минутына 17 мың сөз оқиды
Sputnik Қазақстан
Ол мұндай жетістікке жүйелі жаттығулардың арқасында жеткен 05.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-05T10:59+0500
2025-06-05T10:59+0500
2025-06-05T11:01+0500
оқу-ағарту министрлігі
маңғыстау облысы
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e9/06/05/54311946_0:36:800:486_1920x0_80_0_0_2e8c6b4df7c8347191010d7709cfe6ae.jpg
АСТАНА, 5 маусым - Sputnik. Маңғыстаулық оқушы минутына 17 мың сөз оқиды. Бір минутта кітаптың бірнеше бетін оқып үлгеретін Ақтаулық Самир Валерий 6-сынып оқушысы. Ол мұндай жетістікке жүйелі жаттығулар мен ұстазының қолдауының арқасында жеткен. ️Ақпаратты жоғары жылдамдықпен қабылдау Самирге сабақта өзіне сенімді болуға және тек гуманитарлық пәндерде ғана емес, нақты ғылым пәндерінде де жетістікке жетуге көмектеседі. "Самирдің логикасы жақсы дамыған. Соның арқасында ол қалалық және аудандық олимпиадалардың жүлдегері. Әсіресе математика пәндері бойынша үздік. 2023 жылы мектебінде "Жыл оқушысы" атағына ие болды", - дейді оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.Самирді сыныптастары ұйымшыл, жауапты оқушы ретінде біледі. Ол мектеп өміріне белсене араласып, білімге деген құштарлығы мен көшбасшылық қабілетін көрсетіп жүр. Оқушы білім, өнер және спортта өзін жан-жақты танытып, болашақта ел игілігі үшін қызмет еткісі келеді.
https://sputnik.kz/20250505/qazaqstandyq-oqushy-aziya-tynyq-mukhity-aymagynyn-en-myqty-lingvisi-atandy-53153719.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/05/54311946_52:0:748:522_1920x0_80_0_0_4c4b417e3b0045471f381c2dd286a865.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқу-ағарту министрлігі, маңғыстау облысы, оқушы
оқу-ағарту министрлігі, маңғыстау облысы, оқушы
"Бір күнде екі кітап оқимын": Маңғыстаулық оқушы минутына 17 мың сөз оқиды
10:59 05.06.2025 (жаңартылды: 11:01 05.06.2025) Ол мұндай жетістікке жүйелі жаттығулардың арқасында жеткен
АСТАНА, 5 маусым - Sputnik. Маңғыстаулық оқушы минутына 17 мың сөз оқиды.
Бір минутта кітаптың бірнеше бетін оқып үлгеретін Ақтаулық Самир Валерий 6-сынып оқушысы. Ол мұндай жетістікке жүйелі жаттығулар мен ұстазының қолдауының арқасында жеткен.
"Осыдан екі жыл бұрын минутына 90 сөзден артық оқымайтынмын. Ал қазір минутына 17 мың сөзге дейін оқимын. Мен жылдам оқу тәсілі арқылы екі кітапты бір күнде түсініп оқи аламын. Оны менен ұйқыдан тұрғызып сұраса да жатқа айтып бере аламын", - дейді Самир Валерий.
️Ақпаратты жоғары жылдамдықпен қабылдау Самирге сабақта өзіне сенімді болуға және тек гуманитарлық пәндерде ғана емес, нақты ғылым пәндерінде де жетістікке жетуге көмектеседі.
"Самирдің логикасы жақсы дамыған. Соның арқасында ол қалалық және аудандық олимпиадалардың жүлдегері. Әсіресе математика пәндері бойынша үздік. 2023 жылы мектебінде "Жыл оқушысы" атағына ие болды", - дейді оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Самирді сыныптастары ұйымшыл, жауапты оқушы ретінде біледі. Ол мектеп өміріне белсене араласып, білімге деген құштарлығы мен көшбасшылық қабілетін көрсетіп жүр. Оқушы білім, өнер және спортта өзін жан-жақты танытып, болашақта ел игілігі үшін қызмет еткісі келеді.