https://sputnik.kz/20250505/qazaqstandyq-oqushy-aziya-tynyq-mukhity-aymagynyn-en-myqty-lingvisi-atandy-53153719.html
Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды
Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті 05.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-05T09:22+0500
2025-05-05T09:22+0500
2025-05-05T09:22+0500
оқушы
медаль
https://sputnik.kz/img/07e9/05/05/53152633_0:440:720:845_1920x0_80_0_0_8626e4c192986b287a7ab8228d344a62.jpg
АСТАНА, 5 мамыр - Sputnik. Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.Ол Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы — APLO-2025 шарасында жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды. Рамазан Бутантаев аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді.Жалпы, Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті — 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды:Алтын медаль:Рамазан Бутантаев — 10 сынып, мамандандырылған IT-лицей, Маңғыстау облысы.Күміс медаль:Самир Сарбасов — 12 сынып, НЗМ, Астана қаласы.Қола медаль:Құрмет грамотасымен марапатталғандар:Биылғы олимпиадаға Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінен 500-ге жуық оқушы қатысты.Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) — жоғары сынып оқушыларына арналған халықаралық лингвистикалық олимпиада. Бұл олимпиада логикалық ойлау, тілдік түйсігі мен мәдениетаралық құзыреттілікті дамытуға бағытталған және Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға (IOL) қатысуға жол ашады. APLO — оқушыларға халықаралық деңгейде өздерін сынап көруге және академиялық ортада таныла түсуге үлкен мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20250414/almatylyq-oqushylar-nasa-bayqauynyn-zhenimpazy-atandy-52452233.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/05/53152633_0:411:720:951_1920x0_80_0_0_6f29fac09c2554f7d256e1b459efb2b8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, медаль
Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды
Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті
АСТАНА, 5 мамыр - Sputnik. Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
Ол Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы — APLO-2025 шарасында жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды. Рамазан Бутантаев аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді.
Жалпы, Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті — 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды:
Рамазан Бутантаев — 10 сынып, мамандандырылған IT-лицей, Маңғыстау облысы.
Самир Сарбасов — 12 сынып, НЗМ, Астана қаласы.
Тимур Кантаев — 11 сынып, "Арыстан" мамандандырылған мектебі, Алматы қаласы;
Зере Серікова — 11 сынып, №9 "Зерде" мектебі, Астана қаласы;
Темірлан Сейтбаттал — 11 сынып, БИЛ, Ақмола облысы.
Құрмет грамотасымен марапатталғандар:
Ислам Сипатталов — 10 сынып, БИЛ, Ақтөбе қаласы;
Шыңғыс Қарасаев — 11 сынып, НЗМ, Орал қаласы;
Арон Хасанов — 11 сынып, БИЛ, Атырау қаласы.
Биылғы олимпиадаға Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінен 500-ге жуық оқушы қатысты.
Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) — жоғары сынып оқушыларына арналған халықаралық лингвистикалық олимпиада. Бұл олимпиада логикалық ойлау, тілдік түйсігі мен мәдениетаралық құзыреттілікті дамытуға бағытталған және Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға (IOL) қатысуға жол ашады. APLO — оқушыларға халықаралық деңгейде өздерін сынап көруге және академиялық ортада таныла түсуге үлкен мүмкіндік береді.