Алматылық оқушылар NASA байқауының жеңімпазы атанды

© Photo : Алматы НИШАлматылық оқушылар NASA байқауының жеңімпазы атанды
Алматылық оқушылар NASA байқауының жеңімпазы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2025
Жазылу
Халықаралық байқауда қазақстандық оқушылардың екі бірдей жобасы үздік деп танылған
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің екі командасы NASA және АҚШ Ұлттық ғарыш қоғамы ұйымдастырған Space Settlement Contest 2025 халықаралық байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Биыл бұл байқауға әлемнің 25 елінен 26 000-нан астам оқушы қатысып, болашақтағы ғарыш мекендерінің прототиптерін ұсынды. Зияткерлік мектептің екі командасы ғылыми-фантастикалық және инженерлік негізде жасалған жобаларымен үздік деп танылды.

"Төрт оқушыдан құралған алматылық команда "YURT" жобасын ұсынып, бірінші орынды жеңіп алған. Команда Юпитердің орбитасымен қозғалып, оның Ганимед және Каллисто серіктеріне жақындай алатын автономды ғарыш станциясының жобасын таныстырды", - делінген хабарламада.

Екінші орынды иемденген қазақстандық команда байқауда "Икарус" жобасын таныстырды. Жоба станцияны радиациядан табиғи жолмен қорғауды, жел турбиналары мен биореакторлар арқылы энергия өндіруді көздейді.
Айта кетейік, Space Settlement Contest — мектеп оқушыларына арналған халықаралық байқау жыл сайын өткізілетеді. Ол оқушылардың инженерлік ойлау қабілетін, креативтілігін және ғылымға ұмтылысын дамытуға бағытталған.
Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада рекордтық көлемде медаль иеленді - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2025
Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада рекордтық көлемде медаль иеленді
Жаңалықтар
0