https://sputnik.kz/20250413/qazaqstandyq-oqushylar-zhazgy-gimnaziadada-rekordtyq-kolemde-medal-ielendi-52429770.html
Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада рекордтық көлемде медаль иеленді
Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада рекордтық көлемде медаль иеленді
Sputnik Қазақстан
Ірі халықаралық спорттық додаға биыл 65-тен астам елден 3000-ға жуық қатысушы жиналды 13.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-13T12:49+0500
2025-04-13T12:49+0500
2025-04-13T12:49+0500
оқушы
білім
рекорд
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0d/52429385_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_dde3519509a348fd261929a0cae3a10e.jpg
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. 4–14 сәуір аралығында Сербияның Златибор қаласында өткен ISF U-15 Жазғы мектеп гимназиадасында Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алып, рекорд орнатты, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.13-15 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған әлемдегі ең ірі халықаралық спорттық додаға биыл 65-тен астам елден 3000-ға жуық қатысушы жиналды.Қазақстан құрамасының сапында ел намысын 23 оқушы қорғады. Олар республикалық іріктеуден өтіп, дзюдо, еркін күрес, бокс және шахмат секілді төрт спорт түрінен сынға түсті.Бокста Айбек Садық, Шыңғысхан Макаров, Нұртас Алимбай, Сайлауқазы Сымбат және Нұрболат Әмір алтын жүлдені жеңіп алды. Ал Алихан Смағұл қола медаль иегері атанды.Дзюдо бойынша Бақдәулет Серікәлі алтын жүлдені қанжығаласа, Ерасыл Қалмаханбет қола медаль алды.Еркін күресте де отандастарымыз табандылық танытты: Висхан Арашов – күміс, Мансұр Ақылбай мен Нұрқожа Қалыбек – қола жүлде жеңіп алды.Шахмат жарысында Олтинай Алғаппарова мен Жанат Нұрым жоғары деңгейдегі спорттық мәдениетті көрсетіп, әділ ойын қағидаларын ұстанғаны үшін Халықаралық адал ойын комитетінің арнайы марапатына ие болды.
https://sputnik.kz/20250329/elordalyq-oqushy-shakhmattan-alem-chempiony-atandy-52034110.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0d/52429385_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_bb959d82d6a4404775143843dc49ea39.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, білім, рекорд
Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада рекордтық көлемде медаль иеленді
Ірі халықаралық спорттық додаға биыл 65-тен астам елден 3000-ға жуық қатысушы жиналды
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. 4–14 сәуір аралығында Сербияның Златибор қаласында өткен ISF U-15 Жазғы мектеп гимназиадасында Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алып, рекорд орнатты, деп хабарлады
оқу-ағарту министрлігі.
13-15 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған әлемдегі ең ірі халықаралық спорттық додаға биыл 65-тен астам елден 3000-ға жуық қатысушы жиналды.
Қазақстан құрамасының сапында ел намысын 23 оқушы қорғады. Олар республикалық іріктеуден өтіп, дзюдо, еркін күрес, бокс және шахмат секілді төрт спорт түрінен сынға түсті.
Бокста Айбек Садық, Шыңғысхан Макаров, Нұртас Алимбай, Сайлауқазы Сымбат және Нұрболат Әмір алтын жүлдені жеңіп алды. Ал Алихан Смағұл қола медаль иегері атанды.
Дзюдо бойынша Бақдәулет Серікәлі алтын жүлдені қанжығаласа, Ерасыл Қалмаханбет қола медаль алды.
Еркін күресте де отандастарымыз табандылық танытты: Висхан Арашов – күміс, Мансұр Ақылбай мен Нұрқожа Қалыбек – қола жүлде жеңіп алды.
Шахмат жарысында Олтинай Алғаппарова мен Жанат Нұрым жоғары деңгейдегі спорттық мәдениетті көрсетіп, әділ ойын қағидаларын ұстанғаны үшін Халықаралық адал ойын комитетінің арнайы марапатына ие болды.